- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Қой жылы жақындарымызға...
Қой жылы жақындарымызға не сыйлаймыз?
Қой жылының төрге жайғасатын кезі жақындады. Мереке қарсаңындағы ең басты мәселе – жақындарымызға сыйлық таңдау.
Тоқтыға жаңа жылда не сыйлаймыз?
Тоқтыға өмірге қажетті зат сыйлаған жақсы. Сондай-ақ, фотосессия немесе басқа елге жолдама сыйлауға болады. Тоқтылардың тосынсый ды жақсы көретінін ұмытпаңыз. Сыйлықты аяқ астынан табыстағаныңыз жөн. Қабының әдемі болған дұрыс.
Торпаққа арналған жаңажылдық сыйлық.
Бұларға арналған сыйлық қымбат және рухани құны болуы керек. Сыйлық ретінде кез келген пайдалану мерзімі ұзақ, пайдалы затты таңдауға болады. Торпақ ыңғайлылық пен жайлылықты жақсы көреді, сондықтан, күнделікті тұрмыста пайдалы заттарға да разы болары анық. Сонымен қатар, асыл металл мен табиғи тастар аралас әшекей-бұйымдар торпақтардың сүйікті сыйлықтары болып қала береді.
Егіздерге не сыйлаймыз?
Егіздер үшін ең бастысы – назар, жан жылуын сезіну және қамқорлық. Егіздер ой-өрісті кеңейтетін сыйлықтарды ұсынсаңыз риза болары анық. Заманауи гаджеттер, жақсы кітап немесе Еуропалық турға жолдама – ең ұтымды сыйлықтар. Қаптама жағын уайымдамай-ақ қойыңыз, егіздер тоқтылар секілді оған мән бермейді, олар үшін ішіндегі нәрсе маңыздырақ.
Шаяндардың да кезегі жетті.
Шаяндардың көбісі коллекция жинаумен айналысады. 2015 жылғы сыйлық – шаянның сүйікті коллекциясына жаңа экспонат. Егер де ол ештеңе жинамаса, үй тұрмысына пайдалы, бірақ тек өзі пайдалана алатын нәрсе сыйлаңыз. Сондай-ақ, жылы көрпеше немесе кофтаға да мәз болары анық. Шаяндардың сіздің сый беру әдісіңізге де мән беретінін есте сақтаңыз.
Арыстандарға не сыйлаймыз?
Арыстандарға демалысқа арналған сыйлықтар, антиквариат, көлік сыйлауға болады. Әйел қауымы алтын әшекейлер, қымбат парфюм, асыл тастарға риза болады. Сондай-ақ, арыстандардың сыйлығына оның атын жаздырсаңыз шын қуанып қалады.
Бикештерге арналған сыйлық.
Оларға пайдалы, қолданбалы нәрсе сыйлау керек. Тұрмыстық техника, ыдыс немесе төсек-орынның тысын сыйлық ретінде таңдай аласыз. Күнделік, электронды аудармашы немесе диктофон сыйлауға да әбден болады.
Таразыға не сыйлаймыз?
Ер адамдар да, әйел адамдар да – эстет болатындықтан, өнерге мән береді. Қолдан жасалған сыйлық, өзінің портреті, оларға арналған өлең шумақтары мен әнге риза болады. Ерлерге визитка салатын қаптама, қолшатыр, жеңілгек, нәзік жандыларға сапалы косметика мен сәнді киім-кешек сыйлауға болады.
Сарышаяндарға арналған сыйлықтар.
Сарышаяндар кітап, журнал, эзотерика, саяхат, археология, тарихпен байланысты заттарды сүйеді. Әртүрлі девайстерге де мәз болады. Сарышаяндар құпияны жақсы көреді, сондықтан, жақсылап қаптап сыйлаңыз.
Мергендер бұл жылы не қалайды екен?
Мергендер саяхатты сүйетін жандар. Сондықтан, туристік құрал-саймандар, жол сөмкелері, фото, видео-камералар немесе сапарға жолдама берсеңіз болады. Сапар деген сөз міндетті түрде шетелге шығу деген сөз емес, еліміздің әртүрлі керемет жерлеріне жолдама алсаңыз да болады! Мергендерге серік болып сапарға шықсаңыз, қуаныштарында шек болмас. Ер мергендерге олардың еркек екендігін танытатын кез келген сыйлық алуыңызға болады. Ал нәзік жандылар концертке билет, парашютпен секіру, әуе шарымен қыдыру секілді сыйлықтарға ерекше қуанады.
Тауешкінің де кезегі жетті.
Тауешкілер әдепті болатындықтан, кез келген сыйды ризашылықпен қабылдайды. Олар көбіне тоңғақ, жылу мен жайлылықты қалайды. Сондықтан, тауешкіге жылы, жұмсақ көрпеше, киім сыйлауыңызға болады.
Суқұйғышқа не сыйлаймыз?
Білімқұмар сұқұйғышқа ерекше, күтпеген сыйлық жасау керек. Девайстер немесе классикалық сыйлықтар да болады. Ерекше картиналар, шыныдан жасалған қызықты мүсіндер, сәнді киім немесе саяхатқа жолдама сұқұйғыштың көңілінен шығатыны анық.
Сыйлықтар жұлдызнамасын қорытындылайтын балықтар жаңа жылға не қалайды екен?
Балықтар өте сезімтал әрі сезгіш болады. Сондықтан, олар өнер мен шығармашылыққа бір қадам жақын болады. Бұл романтиктерге фотосессия сыйлауға болады. Одан алған әсерді балықтар ешқашан ұмытпайды.
Жақындарыңызды қуанта беріңіздер! Жаңа жыл құтты болсын!
Сурет: sunhome.ru, wmzond.ru
Ф. Абилова