- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Не себепті жаңажылдық...
Не себепті жаңажылдық ағаш ретінде шырша таңдалған?
Жаңа жылдық шырша − қыста тойланатын Жаңа жыл мейрамының негізгі нышаны.
Ол жаңа жыл мерекесімен бірге келе жатқан бүкіл адамзатқа ортақ салттардың бірі. Оның тарихы тым арыда. Адамзат мәдениетінің айырылмас бір бөлігіне айналып кеткен ғұрыптардың бірі. Қыстың басты символы да осы жаңажылдық шырша ретінде қаралады.
Жаңажылдық шыршаның тарихы ертетегі Римнен бастау алады.
Көпқұдайшыл болған римдіктердің сенімі бойынша, егер адам өз үйінде лавр (үнемі жасыл болып өсетін ағаштың бір түрі) ағашын тігіп қойса, онда оның үйінен көктем кетпейді-мыс. Сондықтан да, олар сол ағашты өз үйлеріне әр қыс келгенде тігіп қоятын болған. Герман тайпасы да солай істеген, бірақ лаврдың орнына олар шырша (елка, ель) ағашын пайдаланған.
ХХІ ғасырдағы адамзатқа ортақ мерекені тарихтан қалған наным-сенімсіз дәлелдеу мүмкін емес. Шыршаның осы заман тарихы 1570 жылдан бастау алады деп айтуға болады. 1570 жылы германиялық антрополог профессор Ingeborg Weber-Keller мынадай бір оқиғаны естелікке алған. Сол жылы Бремен қаласының жұмысшылар құрылтайында сол қаладағы жұмысшы әкелер өз балаларына тосын сый жасау үшін ағаштың басына түрлі жемістерді, сыйлықтарды байлап, өз еңбектерінің жемісі, нәтижесі ретінде ұсынған. Бұл бір жағынан жұмысшылардың жасаған еңбегінің дәлелі ретінде қаралған.
Дәл осы оқиғадан бастап адамдар осы әрекетімен жыл сайын мерекені қарсы алуды дәстүрге айналдырған.
XVIII ғасырдың басында балауыз шамның пайда болуымен шыршаның жалпы Еуропаға жалпыласуы тіпті де кеңінен таралған.
Мерекелік ағаш желтоқсанның 24-і безендіріліп, қаңтардың 6-сы күні алынып тасталуы керек екен. Ал осы күндердің алды-арты көп халықтардың таным-түсінігінде жағымсыз күн ретінде cаналады екен.
Шырша ағашы таңдалуындағы ең басты себебі − оның үнемі жап-жасыл болуында.
Сурет: zastavki.com
M. Auelkhan