- Негізгі бет
- Жаңа жыл
- Жаңа жыл құтты...
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл – отбасылық, ізгі, жанға жылу сыйлар мерекелердің бірі. Мерекеде бүкіл жанұя бас қосып, бір дастархан басына жиналады, бір-біріне ыстық тілек арнап, есте қалар сый жасайды. Бүкіл ел жаңа жылдан үміт күтеді.
Осынау шаттығы мол мерекеде Massaget.kz жастар порталы барша қазақ жұрты мен оқырмандарын келіп жеткен жаңа жылымен шын жүректен құттықтайды.
Жанұяларыңызға шаттық пен қуаныш, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз! Жаңа жыл жаңа бастамалар мен идеялардың бастамашысы болсын! Істеріңізге сәттілік, жұмыстарыңызға береке, бастамаларыңызға жетістік тілейміз!
Келер жыл елімізге жақсылық, халқымызға табыс пен молшылық әкелсін!
Өткен тышқан жылы адамзат пен жер әлем үшін оңай болмағаны белгілі. Сынағы мен қиыншылығы қос қабат келді. Соған қарамастан елдің жігері мен қайратын шыңдап, жаңа қиындықтарға қарсы тұруға күш-қуат берді. Өткен жылға өкініш жоқ сондықтан.
Ал есікті қаққан сиыр жылы еліміздің келешегінде өз ізін қалдырар жетістігі мол жылдардың бірі болғай! Аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болсын!
Қ. Слямбек