Жылды қорытындылайтын уақыт та жақындады. Кейде өзімізге есеп бере алмай, бір жылдағы сан түрлі оқиғаларды еске түсіре алмай әуре болатынымыз бар. Бұл нәрсенің бәрінен арылып, жылды әлдеқайда жеңіл қорытындылау үшін қызықты сұрақтар топтамасын ұсынамыз.
1. Жылдың ең үздік сәті — бұл…
2. Бұл жылы маған шабыт сыйлаған не нәрсе?
3.Жылдың басты жаңалығы.
4.Жыл әнұраны.
5.Менің өмірімдегі ең маңызды адамдар.
6. Маған не қиынға соқты?
7. Жыл түсі?
8.Бұл жылы болған қай оқиғаны есте мәңгі сақтап қалғым келеді?
9. Қай сөзді жиі айттым?
10. Жылда жасаған біртүрлі сатылым?
11. Бұл нәрсені істемесем де болар еді...
12. Бұл жыл ең керемет жыл болды, себебі..
13. Қандай ішкі мәселені жеңдіңіз?
14. Кімге жылулық сыйлай алдым?
15. Кімнің тойына барып үлгердім?
16. Жылдағы орта жалақым қандай болды?
17. Ойымның астаң-кестеңін шығарған әңгіме?
18. 2020-жылы қандай жаңа іс бастадым?
19. Бір уақыт супер қаһарман болсам не істер едім?
20. Нені армандаймын?
21. Жылдағы басты жетістігім?
22. Осы жыл бір сөзбен: ...
23. Мен жіберген соңғы хабарлама.
24. Бұл жылға келетін нақыл сөз.
25. Жоспарымның бәрін орындай алдым ба?
26. Биыл қанша дос таптым?
27. Кімге көмектестім?
28. Қай жаққа бардым?
29. Келесі жылға қандай істі қалдырдым?
30. Жаңа жылдан не күтем?