Қазақстан-Финляндия ойынында көрермендерге 20 мың ту таратқан Нұрлан Қоянбаев қанша қаржы жұмсағанын айтты

Қазақстан-Финляндия ойынында көрермендерге 20 мың ту таратқан Нұрлан Қоянбаев қанша қаржы жұмсағанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Астанада өткен Қазақстан мен Финляндия ойынында 20 мыңға жуық Қазақстан Туын таратты. Massaget.kz тілшісі Нұрлан Қоянбаевпен сұхбаттасып, бұл идея қалай келгенін, қанша қаржы жұмсағанын сұрады.

Әлеуметтік желілерде "Астана Аренада" өткен Қазақстан мен Финляндия арасында өткен ойынның видеолары тарап жатыр. Онда алаңның көк түске боялғаны, көрермендердің бірауыздан қолдау көрсеткені байқалады. Сондай-ақ, әр таймның отызыншы минутында рух беретін "Атамекен" әні де шырқалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurlan Koyanbayev ?? (@koyanbayevnurlan)

Бұл іс көпшілікті тәнті еткен. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Қазақстан құрамасы бұл кездесуде жеңіліс тапса да, дәл осы іс құрамаға да, жанкүйерлерге де командалық рух бергенін айтқандар табылған.

"Нұрекең, молодец, ылғи осындай патриоттық тәрбие іс жасаумен айналысады", "Қазақ футболын дамытып, көтеріп жатқаныңызға рахмет", "Қолдауда мін жоқ енді!!! Алға Қазақ елі!", "Керемет Түркияның стадионында отырғанындай болдым, олар тумен отырады ғой", "Ештеңе етпейді, жақсы мотивация келесі ойынға, қандай жағдай болса қолдаймыз, біз біргеміз", - деп жазды әлеуметтік желідегілер.

@alpamyssharimov #kazakhstan #football #Finland @Нурлан Коянбаев ♬ оригинальный звук - Alpamys Sharimov

Нұрлан Қоянбаев ту тарату туралы идеяны бірнеше ай бұрын бастағанын, шет елдерге тапсырыс бергенін айтады.

"3 ай бұрын дайындалдым. Қазақстан құрама командасы ойындары күзде болатынын білемін. Көк Туларды сатып алып таратайын дегенмін. Қарасам Қазақстанда ондай жоқ екен. Бір дүкенде 100-і бар, екінші дүкенде 70-і бар. 30 мың, 20 мың жоқ екен. Шетелден тапсырыс беріп тіктірттік. Жан-жақтан тіктірттік. Алматыдан да, Түркиядан да, Қытайдан да тіктірттік. Кеше алып келдік. Зорға үлгердік. 20 мың ту тараттық", - дейді Нұрлан Қоянбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurlan Koyanbayev ?? (@koyanbayevnurlan)

Нұрлан Қоянбаев бұл іске қанша қаржы жұмсалғанын да айтты.

"Жолымен 50-60 мың доллар кеткен шығар. Қазақстанның стадионы әдемі болсын деген арманым болды", - дейді ол.

@as1mo_kam #рек #астана #футбол ♬ оригинальный звук - solitude.

Әлеуметтік желіде тегін таратылған тулар кейін сатылғаны туралы да ақпарат тарап жатыр.

"Тегін таратылған туымызды 10-15 штуктап алып, стадионның алдында сатып жүрген ишактарда ұят жоқ!" - деп жазды желідегілердің бірі.

Нұрлан Қоянбаев тулардың бәрі тегін таратылғанын, сатып жатқандар басқа адамдар болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Басқа ойындарда, хоккейде ту сатады ғой. Сондай адамдар шығар. Негатив іздейтіндер ғой. Сататын адамдар хоккейдің алдында да сатады ғой. Ту тарату бірліктің қадамы ғой. Кез келген үлкен жарыс - мереке. Халыққа мереке сезілуі керек", - деп түйіндеді Нұрлан Қоянбаев.

@_kkarakat__ ?‍?#fyp #рек #футбол #астанаарена #казахстан #рекомендации ♬ son original - <3

Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұпай еншілей алмағаны хабарланған еді. "Астана Аренада" өткен ойында қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова