Талапкерлерге кеңес. Оқу орнын емес мамандық таңда



Міне, үлкен өмірге қадам бастыңдар. Ата-ананың қанатыың астынан ұшып шығып, өз бетіңше өмір сүретін уақыт жетті. Алда Үлкен сынақ ҰБТ-леуі тұр. Осы сынақтан өткеннен кейін, жоғары оқу орнын таңдау керек. "Қай жерге, қай қалаға түсем" деген ой санада сарнап тұр. Иəə, бұл биылғы талапкерлердің ойы.



Бəрі үлкен қалаға барып оқығысы келеді. Үлкен қала- үлкен мүмкіндік деген тағы бар. Ал, осы үлкен қаладағы қай оқу орнын таңдауға болады деген сұрақ туындауы мүмкін. Ең бірінші оқу орнын емес мамандықты таңдау керек. Себебі соңғы кезде заманның түлкілігінің кесірінен талапкерлер мамандық емес оқу орнын таңдайтын болды. 



Қайсысы арзан, қайсысы жақсы білім береді деген сияқты. Бірақ, бір айта кетерлігі сен ең бірінші жаның қалған мамандығыңды таңда. Себебі еліміздегі барлық оқу орны бірдей білім, сапалы кадр дайындай алады деген ойдамын. Кей оқушылар оқуға түсіп алып, "ал мені оқытыңдар" деп отырып алады. Бұл өте қате. "Студент" сөзі "өздігінен ізденуші" деген мағынаны білдіреді. Сондықтан студент атанғаннан кейін мамандық бойынша талмай іздену керек. Егер, сен мамандық емес оқу орнын таңдайтын болсаң,(шəкіртақы үшін) түскен мамандығыңа қызығуың екі талай. Мамандығың бойынша əр түрлі мекемелерге практикаға барып, талмай оқып, табандылқпен білім іздеу, XXI ғасыр жастарына қойылатын басты талап. 

Құрметті жас талапкерлер үлкен өмірге қадам басқандарың құтты болсын. Болашақта еліміздің кетігіне кірпіш болып қаланар білімді ұрпақ болуларыңа тілектеспін.

Ал, осы сайттың блогерлеріне айтарым науқан бойынша мектеп бітірген оқушыларға көмектесейік. Көкейлерінде жүрген сұрақтарға, жауап іздеп, белсенділік танытайық.



Бөлісу: