Шет елде тегін білім алуға мүмкіндік беретін жобаны білесіз бе?

Жас жеткіншектердің білімін арттыруға арналған жобалар қатары күннен күнге көбейіп келеді.

Солардың бірі де бірегейі - IQanat.

Бұл - ауыл мектебіндегі оқушыларға арналған Республикалық жоба. Білім беру жобасын еліміздегі демеушілер жасаған.

Негізгі мақсаты - ауылда оқитын балалардың қарым-қабілетін анықтап, әлеуетін (потенциалын) арттыру және халықаралық ЖОО-да білім алуына мүмкіндік жасау.

Үш турдан тұратын бұл олимпиадада Қазақстанның түкпір-түкпірінен жыл сайын 40 000-ға жуық оқушы бақ сынап, оқ бойы озық шыққан 800-ге жуық жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласына барады. Оқушылар бірнеше пәннен сынақ тапсыра отырып, жинаған ұпайына байланысты келесі кезеңге өтеді. Олимпиаданың соңғы мәресіне жеткен жеңімпаздарға жоба 2 жыл көлемінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге  тегін дайындалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пәндерден өткізілетін олимпиададан бөлек, iQanat Camp деп аталатын ауқымды оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады. iQanat Camp барысында оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып қана қоймай, тұлға ретінде дамуға септігін тигізетін тренингтерге, курстар мен семинарларға қатыса алады.

Қазіргі таңда IQanat көптеген демеушілермен бірлесе келе мектеп бітіруші түлектерге арналған онлайн-платформа құрастырып, әр жеңімпаздың дайындығын жіті бақылап отыр. Осыдан екі жыл бұрын 800-ден астам оқушы бақ сынаған бұл олимпиадада Атырау облысының намысын қорғаған 27 оқушы дараланып шығып, Республикалық деңгейдегі жеңімпаз атанса, 4 оқушы IQanat High School мектебінде тегін білім алатын боп қабылданды.

Одан бөлек, жоба ауыл балаларына Қазақстанда ғана емес, шет елде тегін білім алуына мүмкіндік жасап отыр. Айқанаттың үздіктері боп танылған көптеген оқушылар қазірде Кипр,Ресей,Америка елдерінде тегін білім алып жүр.АҚШ бірнеше штаттарында,Кипрдің Final International University сынды белді университеттерінде оқып,өз білімдерін жетілдіріп жүрген Айқанаттық түлектер қазірде көп жеткіншіктерге  үлгі.

 IQanat жобасы -көптеген ауыл баласының арманын жүзеге асырып, бойына сенім ұялатты.Мұндай болашағы жарқын жоба тек алға жылжып, дами берері сөзсіз!

 

 



Бөлісу: