Павлодарға бара қалсаңыз

Неліктен Павлодар? Сонау қатпар-қатпар тарихы бар өңірге сапар шегу әр адамның көңілінен шығары анық. Бұл қала Қазақстанға еңбегі көп сіңген тарихы тұлғалардың мекені.Сондай-ақ табиғаттың нағыз сұлулығын көруге болатын жер.Туристтердің қызығушылын тудыратын көрнекті жерлер жыл сайын белең алуда.

Павлодар қаласының атауы уақыт өткен сайын өзекті бола түсуде.  Шындығын айтайық, бұл атауды естіген адамның алғаш  ойында орыстанған қазақтар түсінігі пайда болады. Көп жұрттың санасына сіңген бұл түсінік теріс. Осындай ескі байлам-түсініктер адамды ақиқатынан  жаңылыстырады.Ашығын айтсақ, Павлодар атауы  орысша болғанымен,бұл жерде тұратын халықтың едәуір бөлігі қазақша таза, әрі әдемі сөйлейді. Қазіргі күндегі мақсат  осы атауды  қазақ атауына өзгерту, бұл бастама өз нәтижесіне жетсе , аңсатқан еркіндікке кеңелген елдің бір көрінісі болар еді.

Павлодар қаласында тек Ертіс өзені ғана емес, одан асқан көрнекті жерлерді саны көп. Солардың біріне тоқталып кететін болсақ, ең алдымен, Баянауыл ұлттық саябағын атап кеткен  жөн. Табиғатының сұлулығы  таңдай қақтырар, көркіне көз тоймайтын мекеннен жарқ етіп жанған,даңқты,  ұлағатты адамдардың шыққаны бәрімізге мәлім. Алапат таулардың, таңғажайып пейзажтың көрінісінен  адам өзін жеңіл сезініп,күш-қуат жинайды. Баянауыл саябағы көптеген тарихи орындарға бай: Кемпіртас, Найзатас және Саймантас жартастарымен, әйгілі қазақ жауынгері Жасыбай батырдың қабірімен. Бұл атауларға байланысты түрлі аңыздар бар.Мысалы, Кемпіртас туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар, бірінде тіпті Баба-Яга қылып қояды. Қазақ жеріндегі қайдағы Баба-Яга, кейде не болса соған сене беретініміз бар.

Павлодар облысында тек таулы аймақтар ғана емес, сондай-ақ шипалық, емдік қасиеті бар өзен,көлдер бар .Солардың бірі- Маралды  көлі.

Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын

Табиғат берген екен күн мен айын.

Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен

Дариға, арманым көп не қылайын – деп жырлаған Естайдың өшпес махаббаты осы Маралды өңірінде болған жайт.

Маралды көлінде түрлі ауруға шипа  болатын емдік қасиеті толы батпақ бар.Бұл адамдардың жан-жақтан ағылып келуіне себеп болып отыр.

Қазақ тарихы үшін аса маңызды киелі жерлердің саны Павлодар облысында жетерлік.

Тарихты оқысаңыз,жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізген атақты батыр Жасыбай Өмірұлының жерленген жері Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағалауында.

Сондай-ақ  артынан өшпес із қалдырған қазақтың ұлы баласы, ақын, ағартушы, фольклор жинаушы Мәһшүр Жүсіп Көпейұлы  кесенесі Павлодарда облысының Қара суық пен Жаңажол елді мекендерінің арасында орналасқан. Адамдардың көбісі  бұл жерге түнеп қайту үшін келеді. Кесененің айналасында тасқа жазылған ақынның өлеңдері орнатылған.Осы тұста, ақынның шығармашылығымен қызығатын болсаңыз, бұл жерге келу сіз үшін пайдасы мол болмақ.

Павлодар облысының көрнекті жерлеріне қысқаша шолу жасап шықтық, ендеше Павлодар қаласының орасан зор маңызға ие ғимараттарына тоқтала кетсек:

Қала орталығында орналасқан  қасиетті орындардың бірі - Мәшһүр Жүсіптің құрметіне салынған мешіт. Мешіт Қазақстандағы ең ірі діни ғимараттардың бірі болып саналады.Павлодарға келуші әр турист бұл жерді маңыздан тыс қалдырмайды.

Атап көрсеткендей, Павлодар облысында орналасқан көптеген орындар бар. Егер де, Павлодар қаласына келетін болсаңыз, сізді міндетті түрде қонақжай халық жылы лебізбен қарсы алып, біздің аса көрнекті жерлерімізге көз жеткізе аласыз.

                                                                                                                     Адам Аңсағаным

                                                                                 

 

 

 

                                                 



Бөлісу: