Исландия жайлы қызықты деректер 2

Исландия жайлы қызықты деректер 2
жеке
блог

исландия

1.Исландияда мүлде теміржол жоқ. Иә,мүлде жоқ.

2.Тілдері мыңдаған жылдардан аса өзгермеген қалпында сақталған, бірде -бір кірме сөз жоқ.Сондықтан,ел халқы үшін қаншама ғасыр бұрын жазылған кітапты оқудың қиындығы болмайды.

3.Исландия өте суық деп ойлайтын болсаңыз – қате. Мұнда қаңтар айының ауа температурасы орташа есеппен  0 градусты құрайды.

4.1989 жылдың 1 мамырына дейін сыра сатуға және ішуге тыйым салынды.Қазір 1989 жылдың 1 мамыры халық арасында ұлттық мереке секілді аталып өтіледі.

5.Исландия – ғылыми әдебиеттерді сату жөнінен әлемдік көшбасшы.

6.Халықтың 90% пайызы Интернетпен қамтамасыз етілген.

7.Исландияда бірде-бір маса жоқ.

8.Исландияда орналасқан ені 100 метр ,биіктігі 44 метр болатын Деттифосс сарқырамасы Европадағы ең қуатты сарқырамалар қатарына енеді.

9.Исландияда 130 жанартау бар, оның жартысына жуығы соңғы 1000 жылда атқылаған.

10.Латрабьярг жартасы Еуропаның батыс шеткі нүктесі ғана емес,паффин құстарының мекендейтін аймағы.

Төміндегі сілтемені басым "Исландия жайлы қызықты деректер 1" сатысына өте аласыз.

https://massaget.kz/blogs/sayahat/26408/