Еңсесі биік - ЕЛОРДАМ!

Еңсесі  биік  - ЕЛОРДАМ!
жеке
блог

Еңсесі  биік – ЕЛОРДАМ!

А  С  Т  А  Н  А

 

Қазақ  елі  бағындырар  тұғыр бар,

Мәнді   қылып  кешейікші  ғұмырды  әр.

Біздің  қазақ  кие  тұтар  ежелден,

Қасиетті  «орда»  деген  ұғым  бар.

 

 

Қалықтаған   заңғар  көкте  байрағым,

Бұл  жайында  жазамын  жыр көсіле.

Қазақ  елім,бұзылмасын   қаймағың,

Басыңда  бақ,толған  ырыс,несібе.

 

 

Несібесі,ырысы  мол   құт   қонған,

Болашақта  биік  белес  күтті алдан.

Елімнің  ерке,егемендігімнің  айғағы,

Еңсесі  биік – Елордам!

 

 

Тұлғасы  көркем,әсемдіктен  жаралған,

Өзіңде  өскен пендеде  қандай  бар арман?

Даласы  дархан,елі  бай,жұрты  кең  пейіл,

Арқаның  төсі

Арқаланып  бір  салам  ән!

 

 

Бұл   қазағым  дархан  көңіл  ел  екен,

Таусылмасын  байлық,бақыт,мерекең.

Елордадай  еңселі  боп  күн  кешу,

Елордадай  асқақ  болу  неге  тең?!

 

Арман қала,

Ару  қала,

Ән  қала

Күллі  ғалам  қарайтұғын  таңдана.

Көк  туымыз   тұрғанында  желбіреп,

Асқақтықпен  мақтанамын  паңдана.

 

 

Ақордамда  баға  жетпес  алтын бар,

Сол  алтынға  теңеймін  жұрт,халқымды  әр.

Бізге  сыйлық -  амандық  пен  береке,

Ей,болашақ,тарту  етіп  тартыңдар!