Шығыстың мерген қызы

Шығыстың мерген қызы
жеке
блог

Дәстүрге айналған Ә.Молдағұловаға арналған қыздар арасында пневматикалық винтовка атудан жарыс өтті. Аталмыш іс-шара 28-30 наурыз аралығында Ақтөбе қаласындағы №55 мектептің  базасында жабдықталды. Қазақстан әскери спорттық клубтар федерациясы, дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 9 команда қатысты.Әр команданың құрамында алдын ала іріктеу сынынан өткен 5 қыздан бар.Олар екі турдан тұратын: біріншісі, мылтықты тіреп ату, екіншісі, мылтықты еркін ұстап тіремей ату сайыстарынан бақталасқа түсті.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — жастарға мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, мектептерде қыздар арасында әскери-қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау.

Сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған: І-орын Ақтөбе облысы, ІІ-орын Шығыс Қазақстан облысы, ІІІ-орын Қостанай облысының командалары.Жеңімпаздарды марапаттау ҚР әаскери қолданбалы спорттың мемлекеттік жаттықтырушысы Жакупов Мәдениет Бопантайұлына бұйырды.

Айта кететін маңызды жайт Шығыс Қазақстан облысының намысынСемей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейігді-гимназияның «Жас қыран» командасы қорғады. Команда мүшесі Бигалиева Назерке жарысқа екі жыл қатарынан қатысып, биіктен көрініп келеді.Мәселен, Назерке былтыр «Мерген ару-2017» атанса, биыл батыр қызымыз «Мерген ару-2018» есімін тағы да қанжығасынан жібермеді.

Осы тұста мерген аруымызға тек биіктің шыңын бағындырып, Әлия апамыздың қайсарлығын тілейміз!