"Махамбет - өр рухты ақын"

"Бүкіл 19- ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған өзгеше ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі сияқты"- деп Мұхтар Әуезов атамыз Махамбет Өтемісұлы туралы өз пікірін білдірді. Осы арқылы Махамбет атамыздың өзге ақындардан ерекшелігін біле аламыз. Он тоғызыншы ғасыр әдебиетінен ойып тұрып өз орнын алған Махамбет атамыздың шығармашылығымен таныспаған халық, қазақ баласы кем де кем болар. Ақын да, басшы да, ел жанашыры да бола білген ақынның өмір жолы бәріне таныс деп ойлаймын.

Ең алдымен "неге Махамбет өр рухты ақын?!"- деген сұрақ ойыңызға келуі мүмкін. Тарихқа көз жүгіртсек, Махамбеттің елі үшін сіңірген еңбегі зор. Жоғарыда айтып өткендей өз елінің жанашыры, көтеріліс басшысы Махамбет атамыздың шығармаларынан көз тартсақ, сұрағымыздың жауабын табатынымызға толық сенімдімін. Махамбеттің құдіретті күші оқырманға ерекше әсер қалдырып, күні бүгінге дейін ерекше сезімге бөлейді. Жас ұрпақты халқына деген адалдыққа, отан сүйгіштікке, қайсарлыққа тәрбиелейді. Мысал ретінде "Соғыс" өлеңінен үзінді алсақ болады. 

Құдайлады хан ұлы

Ізденген жауы біз болып,

Жау қарасы көрінді

Жиылған әскер білінді

Исатай басшы мен қосшы, - деп өз өлең жолдарын жарияланған. Қиындықтан еш қорықпай, үнемі алға қадам басқан ақынның бойына қайсарлықты, рухты байқаймыз. Ресей патша өкіметінің отаршылдығына қарсы болған, көтеріліс бастай алған тұлға ретінде халық жадында сақталған. Оның еркіндікті, теңдікті аңсаған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қылыштай өткір жырлары сол көтеріліс ұранындай болған.

Қорытындылай келе, Махамбет тұлғасы халық жадында қайсар, рухты әділдікті қолдайтын тұлға ретінде сақталады. Махамбет атамыз  қырық үш жасында өмірден өтсе де артынан үлкен өшпес мұра қалды деп ойлаймын 

 



Бөлісу: