Қазіргі жастар не үшін шетелде оқуға құштар?

21-ғасыр білімділердің заманы.Оқу инемен құдық қазғандай демекші білім алудың маңызы зор. Ол біздің болашаққа жетелер жарық шамымыз.Қай заманда болмасын оқығандар биік шыңды бағындырып келеді.Білім алудың ерте кеші жоқ. Сондай-ақ білім алу мекен талғамайды. Алайда кей өңірлер өзіндік білім беру бағдарламасымен ерекшеленуі мүмкін.Оған шетелдік мемлекеттерді жатқызуға болады.Жастарды өзіне құштар қылатын бұл шетел мемлекеттерінің құдіреті қандай?

Иә жаңа айтып кеткеніміздей шетелдік оқу орындарының білім беру бағдарламалары бізден ерекшеленеді.Дамыған мемлекеттерде жастардың қарасы көп.

Оған дәлел Қазақстанның көші-қон мәселесінде осы жастардың қоныс аударуы жиілеп тұр. Қоныс аудару немесе уақытша кету себептері мынадай болуы мүмкін. Біріншіден оқу бағдарламасы. Әрине оқуды өз өлкеміздеде жалғастыруға болады. Бірақ қазіргі таңда қазақ жастарының ең басты үрейі мектеп қабырғасын аяқтағаннан кейінгі ең үлкен сынақ ҰБТ болып тұр. ҰБТ ны жақсы көрсеткішпен аяқтай аламын ба? Ата-анамның үмітін ақтай аламын ба? деген ой оларды сары уайымға салады. Ал шетелдік оқу орындарында мұндай талаптар жоқ.Ондағы талаптар әлдеқайда жеңіл. Шетелге қызыққан сонымен қатар жеңіл жолмен оқуға түскісі келетін жастардың шетелге оңай кете салуының себебіде осы.

Екіншіден шетелде оқып келген жастардың тәжірбиелері әлдеқайда жоғары. Себебі шетелдік оқу орындары барлық жағынан түрлі құралмен толық әрі сапалы жабдықталған.Ал бұл жастардың білім сапасының жоғарлауына едәуір көмек.Және жұмысқа қабылдануға келген жағдайда егер олардың түйіндемелерінде шетелде білім алғандығы туралы дереккөздер тіркелсе, бұл олардың жұмысқа оңай қабылдануларына себеп болады.

Үшіншіден шетелдегі өмір сүру деңгейінің жоғары болуы.Шетел мемлекеттері бізден тәуелсіздігін ерте алғандықтан, олар ерте дами бастады. Сондықтанда олар түрлі жетістіктерге жете отырып, өзіндік өмір сүру деңгейін әлдеқайда жоғарлатты. Ал жастардың керемет өмірді армандайтыны хақ.Жайлы өмір кімнің де болмасын көңілін аулары анық.Жұмыспен қоса айлық жалақыда айтарлықтай жоғары. Бұл да жастардың шетелде жұмыс жасауларына ынталарын арттыратыны анық.

Қорытындылай кететін болсам, оқу әр кезде болмасын қажет. Түрлі ақындар, зиялы қауым өкілдерінің өсиеттерін тыңдайтын болсақ, бірінші кезекте оқуды насихаттайды. Білімсіз күнін қараңғы.Шетелде білім алу әрине жақсы. Алайда ата-бабаларымыздан аманатқа қалған осы өлкемізді дамыту әр қазақтың мойнындағы бірінші міндеті болу тиіс. Шетелден алған титтей де болсын пайдалы тәжірибиен болса, оны Қазақстанның даму жолында сарп ет. Біздің де дамыған елдердің қатырына қосылуға толықтай мүмкіндігіміз бар. Ол үшін алдымен жастарымыз білімді, зиялы да парасатты болу тиіс. Болашақ-білікті жастардың қолында. Ел дамуы жолында бәріміз жұмыла атсалысайық!



Бөлісу: