Қазақ футболының болашағы барма ?

Қазақ футболының болашағы барма ?

Осынан бірнеше  жыл бұрын қазақ футболы дамымайды ,қазақтарға футбол жат нәрсе ,күресіп жүре берсінші  деген ауыр пікірлер жиі естейтін қазақ футболшылары бүгінгі таңда еңсесін жиып ,мен -мен деген командаларды тізе бүгтіріп отырған жайы бар .Бірі бұл тек сәттілік ғана десе ,енді бірі нағыз қазақ футболы енді дамып жатыр деу үстінде .Расында айды аспанға шығарып, Еуро турнирінде тартысты ойын көрсетіп жүрген ұлттық құраманын бұл жеңістерін жәйғана сәттілік деуге келеді ме ? Әлде расымен қазақ ойыншыларының бойына ,қан жүгіріп ,қайсарлана түстіме ? 

Менің ойымша қазақ футболы даму үстінде . Оған дәлел ретінде  жақында өткен ойындарға тоқтала кетер болсақ :

Өткенде ғана, өз жерімізде FIFA да 19 орын алатын ,беделді құрамалардың бірі Данияны 3:2 есебімен жеңген болатынбыз.

Азулы алтын құрамы бар, қарсыласымызды  талқандағандағандағы Тағыбергеннің голы Пушкаш премиясына әбден лайық гол десек артық айтқанымыз болмас .Пеналти соғылғаннан кейінгі қазағымның қолдауы ,ойыншыларымыздың жігерлігі Дания секілді алып құрамды жеңуге деген ынтасын күшейтіп ,ойынды жеңіспен аяқтадық.  Сан Мариноны қарсылас құрлым көрмей 3:0 ұпайымен тізе бүгтірдік.

Белфастта футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландия мен Қазақстан арасында өткен ойынның нәтижесі бойынша жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын .Бұл тарихи жеңіс десек артық айтпағанымыз болар . Себебі сырт алаңда өткен ойындардың нәтиежесі бойынша ,алғашқы еуропалық команданы жеңіп  отырмыз .

Бұл ойынның нағыз жұлдызы Абат  Аймбетов . Ол өзінің джокерлігінің арқасында Даниямен болған ойында 89 минутта баспен ал Солтүстік Ирландиямен өткен кездесудің 88 минутында  аса шеберлікпен, 3 бірдей қорғаушыны алдап өтіп ,өте кемет  гол салды  ,және  қазақ еліне үлкен жеңіс сыйлады.

Бұл тұста бапкер Магомед Адиевтің білікті бапкер екенінің айқын көрінісі ,еңбегінің жемісі -қазағымның жеңісі болып отыр.

Жалпы қазақ футболының ,жаңа тынысы ашылып ,өркендеу үстінде .Дәл осылай жалғаса берсе ,Құдай қаласа әлем чемпионыда болып қаламыз .Жанкүйерлерге айтарым қолдауды тоқтататпай ,ұлттық құрамамызға жігер беруіміз қажет  .Сол кезде нағыз нәтиеже болып ,қазақ футболы жандана түседі .Алға Қазақстан ,Қазақ футболы жасай берсін ,жеңісті күндеріміз көп болсын.



Бөлісу: