Балалықтың шынымен қалғаны ма?

Күн түнмен жалғасып, түн күнмен жалғасып, мейлі жазы, қысы ,көктем, күзі, мейлі бұлтты,шуақты күндер болсын.Осы бір белгіленген уақытта біз бәрі бір білім ұясын тамамдауға міндетті едік.

 Кенеттен қимастықтың лебі бетті шала бергені......

Бұлақтық пәктігіндей бала махаббатымыз,жайраңдаған күлкіміз,ащы-тұщысына толы көз жасымыз,бітпейтін әңгімеміз,ұстаздың тәлімі-тәрбиесі,істелген қаншама бұзақылығымыз, шаламыз жытыр.....Сол бір қимастықтың лебінде.

Есте қалары қалып,кетері кетіп,ұмытылыры ұмытылды...Себебі арман жетелеп алып бара жатыр. Қалғаны не?   '' Өкініш !''

Алға қадам басамыз деп уақыт талай бақытты ,бақытсыз сәттерімізді айналдыра жанымыздан өткенін байқамай да қалғанбыз.

Жазы ,қысы,көктем,күзі тағы өтер, шуақты ,бұлтты күні тағы келер. Бірақ ,дал сол бір күндердей қайдан болсын?!  Өткен күн мен келер күнге деген арманды сол 11жыл оқығанған сыныбымызға қалдырдық да сағыныштың кілтімен құлпылап кете бардық......

Бұл шынымен кеткеніміз.Есейгеніміз...

 

 



Бөлісу: