Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира ТҮРІҢ ҚҰРЫСЫН!

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира  ТҮРІҢ ҚҰРЫСЫН!
жеке
блог

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира

ТҮРІҢ ҚҰРЫСЫН!

Түрі кеткен, аларып,

Тұрып алды, сазарып,

Таксишіге айқайлап,

Қабағы кетті қабарып...

Көңілі оның күпті,

Таксишіні, бірден,

Жүндей,  түтті,

Сөз бермейді, о тоба,

Өзі тағы жүкті,

Таксиші міңгірледі,

Төккендей боп, сүтті.

Ал, әйел тоқтамай,

Ар–ұятты сүртті:

–О, албасты, аюан,

Аш отырсын, жанұяң,

Жолаушыға ұрысың,

Түрің сенің құрысын!

Ұнай ма, саған,?

Осы менің тұрысым?

Төлемесем, өзім білем,

Ерегіссең, салбыратып,

Шашыңды жалбыратып,

Аязда қалтыратып,

Шегеге, басыңды ілем!

Пышақпен қырнап,

Теріңді тірідей тілем,

Миыңды үңгіп,

«Нервіңе кірем!»

Бекерге сөйлемеймін,

«На зло» төлемеймін,

Ал, не істейсің?

Тіліңді тістейсің,

Өзіңше, маған,

«Таксиден түс!» дейсің!

Басыңды қағып алам,

Жыландай шағып алам,

Құлағыңды кесіп,

Мойныма тағып алам!

Битіңді сығам,

Мұрныңа мейіз тығам,

Ал, не істейсің?

Басыңа шығам!

Ұрасың ба?

Атып, жығам!

Нөміріңді айт,

Сөйт те,

Үйіңе қайт!

Өй, нулевой,

Гигобайт!

 ...Ия, хиджап киіп алған,

Осы келіншек,

Байға қалай тиіп алған?