Қарттарым асыл қазынам

   Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен текті елдің ұрпағымыз. Ата-баба салтымен қазынамыз-қарттарға амандасып, хал-жағдайларын сұрау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық технология факультетінің,  Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының кураторлары Курманали М.А. және Әкімбай Ш.Қ. студенттерімен "Шаңырақ әлуметтік қызмет орталығына" барып қайтты.

 "Деректер туралы ғылым", "Интеллектуалы басқару жүйелері" және "Дата инженериясы" мамандықтарының студенттерінің дайындаған арнайы сыйлықтары, концерттік нөмерлері де болды. Үлкендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, демалыс күндерін жақсы өткізулеріне сепбепші болып қайтты.



Бөлісу: