ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖОЛДАУ

. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған айрықша Жолдауын насихаттау мақсатында Қаражантақ жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесу өтті.
Басқосуда еліміз үшін маңызы айрықша болған кезекті Жолдаудың басым бағыттары мен негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесуде сөз алған мектеп директоры Мақсат Мәжінбеков «Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағдарлап, алдағы саяси өзгерістерін айқындап берді. Бес бағдарды қамтитын саяси құжатта Ел Президенті «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз деп басып айтты», - деді
Жиын соңында аталмыш білім саласының қызметкерлері ел Президентінің барлық бастамалары мен Жолдауда айтылған маңызды дүниелерді толық қолдайтындықтарын айтып, өз ұсыныстары мен ой пікірлерімен бөлісті.
#AMANAT



Бөлісу: