Интернет тілінде сөйлейтін жастардың тіл сауаттылығы

Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып жатқан тұсы, соған сай сана өркениеті өсіп, дамып бара жатыр. Бір анығы адамның санасы, дүниетанымы жоғарылыған сайын қоршаған ортасы да соған сай өзгереді. Қысқаша айтатын болсақ, жасөмпірімдер арасында жаргон, сленг сөздер үлкен рөль ойнап, тіл өз нәрін жоғалтуда. Бұған әсер етуге болады ма, әлде жастар тілі осы қалпында қалады ма?

ХХІ ғасырда интернет желісін қолданбайтын жандар өте аз. Қайда қарасаң да бір көрініс. Әлеуметтік желіні туылған сәтінен балаға беріп қоятын ата-аналарда аз емес. Ол баланың енді дамып келе жатқан ой дағдарысын улап, тілдік қордың азаюына әкеліп соқты. Әсіресе қазақ тілінің нормаларын бұзып сөйлейтін жастардың көбейгенін қарап жүрегің ауырады. Сауаттылық пен тіл тазалығымыздың деңгейі төмен екеніне қарамастан, әлі күнге дейін тілімізді жаргон сөздермен байлап қорлап жатқандар жеткілікті. Жаргондардың қатарына мынадай: "қыртпа”, ”базар жоқ”, ”жынды машина екен”, ”өшті”, ”косякқа кірді”, ”лақтырып кетті”, ”құлақтан берді” деген сөздерді жастар сәнге алып, құмартып алған.

Жастар заман талабынан қалыспау мақсатында ғаламтор тілімен сөйлесуді жөн көрді. Себебі ғаламтор тілі тез тіл табысуға қолайлы болып саналады. Ол жерде әдеби лексиканы ұстану өте қиын. Сонымен қатар жылдам хат жазатын кезде көптеген әріптерді тастап, қысқаша жазып кетуді әдетке шығарған. Олар:”қалайсн”, ”нестеп жатсн”, ”каксн”, ”нестимз” және тағы басқа. Бұл біздің грамматикамызға өте үлкен қателіктер тигізеді. Ең басты кемшілдіктердің бірі-ол қазақ әліпбиіне тән төл әріптерді,яғни:ә,і,ң,ү,ұ,ө қолданыстан шығаруы. Мысалыға:”салем”,”калын калай”,”не истеп жатсын” және т.б. Жастардың телефонда жиі отырыуынан ба әлде жазуға ерінгендіктен бе, осылайша қысқаша жазуға бейімделіп кеткен.

Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетудің жолы-қазақ тілін жиі қолдану, өз сөздік қорымызды дамыту. Қазақ тілі-сөзге бай, әрі әдемі.Жастардың тіл мәдениетінің төмен болуы, өз тілінің көркемдігін елемеуі, немқұрайлы қарауынан деп түсінемін. Түркі тілдердің арасындағы ең мәнді,мағыналы тіл-қазақ тілі екені сөзсіз. Осы тілімізді былғамай, сауатсыздықтан құтқару-қай жерде болсын сауатты жазу және сөйлеу екенін ұмытпағанымыз жөн!



Бөлісу: