Бұл өмірде....

Бұл өмірде бақыттың бақшасында,

Көп жүрмейміз!

Әтеңі осы! - дейміз.

Жақұтты тапсақ дағы қазып жерден,

Қазылған жерімізге әкетпейміз.

Ызамен өкінішпен артық кетіп,

Кетпейтіндей өмірде мекендейміз.

Жаратқанға сиынбай, сандырақтап,

Азғырғанның мазағы екендейміз.



Бөлісу: