Түн. Санада сұрақ. Адам жұмбақ. Көзде сол бейне...

Түн. Санада сұрақ. Адам жұмбақ. Көзде сол бейне...
жеке
блог

"Шер тарқатар дос. Оқырман- бірін бірі көре тұра,
тыңдай тұра - естімейтін қоғамда,
менің сырлы сөздеріме мұқият зер салып көз жүгіртерсің..."
   

     Адам өз сезімдеріне ерік беру қажет - дейді білгірлер. Тұжырымның дұрыс екені анық. Сезім - ол өмір. Ал сезім сан түрлі бола алады. Сол Сан түрлі болғанымен ғана ол өмір. Кей кездері сол сезімнің піспеген жемісіне мәз болып, қиял жетегімен жүріп Адам өз қалауының тұтқынына айналады.   

    Егер уақытында өз сезімдеріңді түсініп бағындыра алмасаң, Қалау келе-келе  асқынып қажетсіну атты сырқатқа шалдықтырады. Ал қажетсіну жаңылыс қадам жасататыны белгілі.Олай сөз ету әсте қате пікір емес. Қажетсіну - өзімшілдік, тек қана қара бастың қамын ойлап, екінші тараппен санаспау болып табылады...

    "Айақталмаған ой. Ақиқатында өзімшілдіктің жақсы жаманын кім біледі? Дейтұрған мен өзгені емес өзіңді бір сәт ойлау керек шығар... Кім біледі?