Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира. МИЯЯ, МИЯЯ...

Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира.

МИЯЯ, МИЯЯ...

   Мияя... Мияя, мен таң қалғанда бар ғой, осылай мысықтай мияулап кетем ше? Бір апта бұрын танысқан жігітім ше, соңғы, сегізінші... Рома.. Романбек кенеттен  алдыма тізесін бүге кетіп, қорабынан алтын жүзік шығарды да:–Жаным, Жәмила, менімен бірге жатасың ба? –деп сұрады. –Мияяя...  Қайда? –деппін.–Басымыз бір жастықта қартаюға.–Мияяя... Екі жастық жоқ па, не?

–Сөздің мысалысы ғой.    Мияяя... Не дерімді білмей қалдым ше. тізе бүккені қызық болып кетті. Әкем марқұм анама тізе бүкпеген екен.  Бір кездесуінде: «Жүр, кеттік, бол, бол!» –деп асықтырыпты. «Қайда?» –деп сұраса: –«Байыңның үйіне!» –деген екен. Мияя, не дерімді білмей:–Ресейлік алтын ба, Түркиядық алтын ба? –деп сұрағым келді де:–Мияяя... –дедім.–«Ия» ма? –деп сұрады ол.–Мяяя... –дедім. Бірақ: «Алтыны қанша грамм? Бағасы қанша?» –деп сұрағым келген.–Неге ойланып қалдың, әлде, тұрмысқа шыққың келмейді ме?

–Мияя.. Не ғо...–Немене, не ғо?–Мияя.... «Ия» десем ғана бересің бе?–Мияулай бермеші, жаным?–Мияяя... Комплект пе? Алтын сырғасы?–Жоқ.–Мияяя... Алсам ба екен, алмасам ба екен? –Алшы?–Мияяя, мамамнан сұрап келейінші? –деп жүгіріп кетіп қалдым. Қап, үйдегі жігіттер берген жеті жүзікті ломбардқа өткізіп жібергенімді қарашы, салыстырып көретін. Мияяя. Алсам ба екен, алмасам ба? Сіздер қалай ойлайсыздар, мияяя...



Бөлісу: