Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира. ГИНЕКОЛОГ АҒАЙ

Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира.  ГИНЕКОЛОГ АҒАЙ
жеке
блог

Гинекология кабинетінде мейірбике мен гинеколог дәрігер аяғы ауыр келіншектерді қабылдап болып, «Келесі?» –деп дауыстағанда, басында тымағы, үстінде көнетөз күртешесі бар жігіт ағасы кіріп келді,. Қипақтап, біраз тұрғанда, гинеколог қыз Айсара басын көтеріп, таң қала қарады.–Кешіріңіз. Сіз еркексіз ғой?–Ия, еркек екенімді жұрттың бәрі біледі... Кешіріңіз, мен...–деп міңгірледі Руслан.–Ағай, бұл гинекология кабинеті. Сізге урология кабинеті керек пе? –деп сұрады мейірбике. –Маған... Махаббатология кабинеті керек еді.

–Әзілді қойыңыз, екі қабатсыз ба, не? –деді Айсара.–Ия.Ой, жоқ.–Олай болса, шығып тұрыңыз, келесі? –дегеңі сол, тағы бір қарны шермиген әйел кіріп, состиып тұрып қаалды.–Ағай, кабинеттен шығып кетіңіз! –деп сүйреледі мейірбике.–Бұл гинеклология кабинеті ме? –Ия. Бірақ, сіз еркексіз ғой?–Кім айтты мені еркек деп?  Ой, кешіріңіз, гинекология ғой?–Ия, гинекология, гинекология! Шығып кетіңізші?–Ағай, ұялмайсыз ба? –деп қалды аяғы ауыр әйел.–Ағай, сіздің бір жеріңіз ауыра ма? –деп сұрады Айсара.–Келген себебіңм... Мен... Мен жерік сияқтымын– А?–Балықты шикідей жей бергім келеді. –Басыңывз ауыра ма?–Солқылдап.–Неврология кабинетіне барыңыз. Немесе, терапевтке.  –Мен сізге келдім, Айсара.–Мені қайдан танисыз?

–Екеуміз сыныптаспыз. Тек мен алтыншы кластан соң, нағашымның ауылындағы мектепте оқыдым.–Кірпігіңізді біреудің кірпігіне ұқсатып тұрмын. (Жымиды.) –Русланмын ғой. Сембиев. –Руслан? Тізесінде тыртығы бар?–Ия! Табанымда жүні бар!–Міне, кездесу!–Мені қарайсыз ба? Сөйлесіп тұра бересіз бе? –деп сұрады аяғы ауыр әйел.–Қазір апай. Сіз не ұл, не қыз туасыз.

–Мен сені сырттай бақылап жүрдім. Саған ғашық болып қалдым! –деді Руслан.

–Ауылдасың ба?–Ия. Ауылда гинекологпын.–Қалай сонда?–Мал дәрігерімін ғой. Бас дәрігер сиырларды тудырып жүрсіз, гинеколог боласыз деді, болдым.  Өзің білесің, жас мамандар ауылға бармайды. Ауылда гинеколог жоқ!

–Әй, жігіт, басты қатырмай, шығып кетші! –деген әйел оны сүйрелей жөнелді. Айсара араша түсті.–Апай, күте тұрыңызшы, бұл жігіт те, балыққа жерік екен. Түсіндірейін де.–Мен сені қазір алып қашамын. Маған тұрмысқа шық. –деді Руслан қызарып.–(Аузын баса сөйледі.) Қой, Руслан, күйеуге шыққан ыңғайсыз ғой.–Оның несі ыңғайсыз? Жасың жиырма сегізде! Ауылға гинеколог керек! Он шақты әйел бес жыл болды, гинеколог жоқ болғандықтан, туа алмай, әлі шыдап жүр!–Өләә, қуасың ба? Негізі былтыр күйеуге тием деп ойлағам, есімнен шығып кетіпті.–Саябақта жүрсіңдер ме? Бас дәрігерге шағымданамын! Әй, жігіт! Толғағыммен тарс еткізіп, бір ұрамын, шығып кетші! –деген әйел оны сүйрей жөнеліп еді, Айсара орталарына тұра қалды.–Апай, сәл шыдаңызшы. Сіз балыққа жеріксіз, бұл да балыққа жерік. –Жүр, машинада достарым күтіп отыр, –деді Руслан үздігіп.–Бірден қызық екен. Сәл «ломатся» етейін де.–Еліміз үшін, Отанымыз үшін ауылға жүр! Ауылдың гинеколог келіні бол! Жүрші? –деп оның жеңінен тартты.–Әй, шырағым, мені қарап барып кетші байыңа. Түнде ішім жыбырлайды. Неге олай? –деп сұрады әйел.

–Апай, ақырзаманның балалары солай жыбырлай береді. Мен қазір... –деген Айсара Русланды қолтықтап, шығып кетті.

–Бүгінгі медицина қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймын! Ертең ауылға беташарға барамыз! Ура! Тойға барамыз! Туу, менің де гинеколог болғым келіп кеткенімді қарашы! Айсара, тоқташы, Русланның достары жоқ па, екен? Мейірбике керек емес пе екен, ауылға? Айсара! –деп секіріп, секіріп қойды мейірбике.–Ой, құдайым–ай, не болып кетті өзі? –деген әйел де таң қалды, – Ауылға тіс дәрігері керек емес пе екен? А, ойбуу, күйеуім бар екен ғой! Кешіріңіздер?!