Махаббат әлемді құтқарады

Иә, махаббат ұғымын сөзбен жеткізу аздық етеді.Себебі, ол туралы шексіз айта бергіміз келеді.Біреуге ғашық болсақ, бүкіл әлемге махаббатпен қарайтындай сезімде боламыз. Бір көргеннен ғашық болу дегенге сенесіз бе? Әрине, бір көргеннен ғашық болдым деп ойлайтындар да бар. Шынайы махаббат бірден пайда болмайды.Ол бірте- бірте ұлғаятын сезім. Сондықтан, бұл сезімге сенетіндер сирек кездеседі.

Махаббат неден басталады? Біздің түсінігімізде, махаббат достықтан басталады. Әнел мен Марленді махаббаттың символы деп білеміз.Олардың достықтары 16 жастан басталған.Екеуінің махаббат хикаялары көпшілікті жылатып та үлгерді. Әнел өкпесіне салқын тигізіп алып, ауруханада ұзақ уақыт жатқан. Нәтижесінде бір өкпесін алып тастауға тура келген. Осы аралықта Әнелге ота жасағанда Марлен әрдайым жанынан табыла білген. Тіпті сырттай оқу бөліміне ауысып кеткен. Қазіргі таңда қос ғашықтың некелері қиылған. Ең бастысы бақытты өмір сүруде.

Абай атамыз: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген екен. Расында, махаббат жоқ жерде, бақыт та жоқ. Ал, бақыт- жүректің тыныштығы. Махаббаттың өз шаттығы мен мұңы бар.

Николас Спаркстың «Спеши любить» атты романы қайғылы махаббат туралы күрделі оқиғаға негізделген. Бұл кітаптың ерекшелігі- шынайы өмірден алынғанында.Басты кейіпкерлер- Лендон мен Джейми. Лендон кішкентай кезінде өте бұзақы бала болған. Ал, Джейми болса керісінше,игі істермен айналысатын. Күндердің бір күнінде екеуі де ер жетеді. Мектепті аяқтар шағында, билеуге жұп керек болады. Сол сәтте Джейми мен Лендонға ғана жұп жетпей, екеуі бірге билеуге тура келеді. Бидің арқасында екеуі дос болып, бір- бірінің үйлеріне қонаққа барып жүреді. Бірақ, қыздың шарты болады. Ол шарт- ғашық болмау. Лендон бәрібірде қызды ұнатып қалады. Соңында өзінің ғашық екенін мойындайды. Ең өкініштісі, бәрі де кеш еді. Өйткені, қыздың өмірмен қоштасуына аз уақыт қалған. Лендон әрдайым Джеймидің жанынан табыла білді. Джеймидің ең үлкен арманы- тұрмысқа шығу еді. Екеуі үйленеді.Бірақ көп ұзамай Джейми өмірден озады…

Жауапсыз махаббат- кез келген жанның басынан өтетін, қалыпты жағдай.Сондай-ақ, бақытты отбасы үлгісін алмаған адамдар жауапсыз махаббатқа бейім. Мұндай адамдар өзара қарым-қатынас бар деп елестете алса да, оны өздеріне сынап көре алмайды.Нәтижесінде олар шынайы қарым-қатынастарға жол бермейді және махаббаттан толығымен жабылады немесе жауапсыз сезімді таңдайды.

Қазақтар «тең – теңімен, тезек – қабымен» деп бекер айтпаған. Осығанда мән берген жөн.Жүрегінде махаббат бар адамның бойында адамгершілік те қатар жүреді. Қарапайым тілмен махаббат- ұнату, жақсы көру. Бір сөзбен тәңірдің берген сыйы. Әлемді махаббат құтқарады.



Бөлісу: