"Қызыл бархат" тортын бірге әзірлейік!

Қалайсыздар құрметті массагеттіктер!

Бүгін мен сіздермен өте дәмді "Қызыл бархат" тортының дайындалу жолдарымен бөлісемін.

Ендеше бастаймыз.

Құрамы:

3 жұмыртқа 

350 г ұн

200 г секер

135 г қаймақ (майлылығы 20 %)

135 г айран

120 г сұйық май

3 ас қасық какао ұнтағы

15 г разрыхлитель

4 г қызыл бояу (пищевой краситель)

сода, уксус

Креміне:

250 г сливки

160 г қант ұнтағы

250 г маскарпоне ірімшігі

 

Ендеше бастаймыз.

Ең алдымен 3 жұмыртқаны жарып секермен араластырып, миксерлейміз. Сұйықтық көпіріп көтерілгенше 15 минуттай миксермен жақсылап араластырамыз.

Содан соң сұйық майымызды құйып тағы да араластырамыз.

Енді бөлек ыдыс алып оған қаймақ пен айранды араластырамыз. Сосын оған бояуымызды салып тағы да қанық түс шыққанша араластырамыз. Осы сұйықтықты алып алдыңғы қоспамызға қосып миксерлейміз.

Енді оған какао ұнтағы мен разрыхлительді салып араластырып аламыз, содан кейін барып ұнды електен өткізіп араластырамыз.

Дайын болғаннан кейін шай қасықтың ұшымен соданы аламыз оған 2-3 тамшы уксусты тамызып, оны қоспамызға қосып соңғы рет бір миксерлейміз.

Дайын қоспаны 3 бөлікке теңдей бөліп 180 градуста 40-45 минуттай пісіреміз.

Міне дайын! Енді кремін әзірлейміз.

Сливки мен маскарпоне алдын ала  тоңазытқышта тұруы тиіс. Құрғақ, өте таза ыдыс алыңыз! Оған салқын сливкиіңізді құйыңыз 2-3 минуттан кейін қант ұнтағын салып араластырып тұрыңыз. Крем өз формасын ұстап бастаған кезде бір-бірлеп маскарпонеңізді салыңыз. Ескерту! Миксерді сөндірмеу керек, заттар салқын күйінде болуы тиіс, көп араластырмаңыз әйтпесе крем іркіп кетеді.

Міне осындай бір қалыпта тұруы тиіс!

Кремді осындай қалташаға салып гүл немесе әртүрлі форма шығаруға болады.

Осылай жан-жағын гүлдеп ортасына кремін жағып барлық корждарды орналастырамыз.

Міне дайын болды! Бетін қалағаныңызша әсемдеуіңізге болады.

Дайын болған тортты тоңазытқышқа 1-2 сағатқа салып қойыңыз.

Астарыңыз дәмді болсын!



Бөлісу: