Қазіргі таңда қандай кинолар көрермен сұранысына ие?

Қазіргі таңда қандай кинолар көрермен сұранысына ие?
жеке
блог

Адам өміріндегі қызықты оқиғаларды бейнелейтін, тылсым сырларды ашатын, сан түрлі
жанрға бөлінген Киноиндустриясы қазіргі қоғамның ең қызықты саласы.1895 жылы
ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер ойлап тапқан киноиндустриясы қазіргі таңда
жоғары дәрежеге жеткен сала.
Алғашында жанды фотография түрінде пайда болған, басқаша айтқанда кинода дыбыс
болмағандықтан, актерлер дыбыстың орнына театрлық шебер ойынымен, қойылыммен
толықтырды.
Осылайша, көрініс арқылы дамыған саланың осы күндері алғашқы орнында Голливуд
кино компаниялары тұр. Күн өткен сайын қарқынды дамып келе жатқан бұл кино өнеріне
қойылатын көрермен талаптары да күшейген. Яғни, түрлі жанрларға бөлінген фильмдер
мен сериялдар көрермен көңілінен шығу үшін бұрын соңды ешкім ойламаған дүниелерді
жарыққа шығаруда. Қазіргі таңда көрермен сұранысына ие болып жүрген фантазиялық
жаннр бойынша алдыңғы қатарда тұрған компаниялар өз туындыларымен әлемді тәнті
етуде. Атап айтқанда «Fox Broadcasting Company», «Marvel», «The Walt Disney Company»,
«Sony», «Warner Bros», «Paramount Pictures», «DC Comics» кино компаниялары.
Фантастика жанры бойынша ел назарын өздеріне аударып жүрген Marvel, DC Comics тің
«Өрмекші адам», «Темір адам», «Бэтмен», «Кек алушылар», «Локи» фильмдерін көрмеген
адам, Өрмекші адам, Бэтмен боламын демеген бала жоқ шығар. Қазіргі таңда кино саласы
үлкен бизнеске айналған. Қаржы жағынанда мемлекет үшін көптеге пайда әкеліп, әлемдік
рекордтарды жаңартуда. Яғни, 2009 жылы «Аватар» фильмін түсіруге 237 миллион АҚШ
доллары жұмсалып, фильм жарық көргеннен кейін 2 миллард 840 миллион АҚШ доллар
қаржы жинап әлемдік рекорд орнатты. 2019 жылы Marvel кино компаниясы «Кек
алушылар:Финал» фильмін түсіруге 356 миллион АҚШ долларын жұмсап,фильм жарыққа
шыға сала 3 миллард АҚШ доллар пайда әкеліп, «Аватар» фильмін басып озды.
Бүгінгі күнде “екінші Голливуд” атанған Оңтүстік Корея киноиндустриясы әлемді
таңқалдыруда. Өздерінің тұрақты көрермендерін тапқан түрлі жанрдағы кәріс
дорамаларының пайда болғанына аз ғана уақыт болсада танымалдылығы күн өткен сайын
артуда. Оңтүстік Кореялық KBS World, JTBC, tvN, SBS, MBS-сынды каналдардың
еңбектері ескеріліп, әлемге әйгілі болу үстінде.Оның себебі өзіндік ерекше стилі бар
актёр, актрисаларының арқасында деп ойлаймыз. Оған әлемге әйгілі болған Чжи Чан
уктың «Оққағар», Ли Мин Хоның «Жігіттің сарбаздары», Сон Иль Гуктың «Жумонг», Кон
Ю дың «Гоблин» дорамалары дәлел болып отыр. Сонымен қатар, 2020 жылы алғашқы рет
Оскар жүлдесін «Паразит» фильмі жеңіп алып, әлем назары корей киноиндустриясына
ауды. Мұндай жетістікке жетуіне фильмнің халық арасындағы бай мен кедей теңсіздігін,
білімсіз адамның өмірі қалай аяқталатынын көрсеткенінде- дейді мамандар.
1938 жылы Амангелді фильмінен бастау алған біздің қазақ киноиндустриясыда жаңа
кезеңге аяқ басып, қарқынды дамуда. Әсіресе комедия жанрымен көрермен жүрегін
жаулап, халық көңілінен шығарлықтай сапалы дүниелер ұсынып келеді. Атап айтқанда
«Бизнес по-казахский в Корее», «Брат или брак», «Гламур для дур» фильмдері үлкен
танымалдылыққа ие болды. Бұл орайда тек біздің еліміз емес бүкіл әлем тамашалаған,
қазақ кино өнерін дүйім жұртқа танытқан керемет туындыларымызда аз емес. Атап айтар
болсақ «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Ұлы дала зары» «Анаға апарар жол»
фильмдері қазақ киноиндустриясының биік шыңдары. Тарихтан сыр шертетін бұл, қазақ
деген ұлттың қандай екенін суреттейтін фильмдер көрермен назарын өздеріне дереу аудара білді. Осы алған беттерінен қайтпай дарынды тұлғаларымыз күш салса, қазақ
фильмдері де Оскар жүлдесін жеңіп алар күнде алыс емес екеніне сенеміз.