Кәрі ағаштың тамыры

Кәрі ағаштың тамыры
жеке
блог

Күн райы бұзылып, нөсерлетіп жауын төккенде табиғаттың сүдіні өзгеріп сала келеді. Кеспірсіз жел қапсағай ағаштардың өзін де қиратып әкетіп жатады. Бірақ, жалғызілікті тұрған кәрі ағаш зәудемде тамырларын жиып, табиғаттың кез-келген физикалық құбылысына төтеп беріп әбден машықтанған. Жалғызілік дейтініміз - басқа ағаштар секілді жұптасып өспей, жалқы өскен ағаш. Бұтағын кеңге жайған кәрі ағаш, жапырақтары біртоға болып өсе береді. Ырғалып қалыңдап өскен ағаштың бұтақтары, жас ағаштарға күннің энергиясын алуға кедергі жасап келгелі қай заман. Әбден зәрезап болған жас ағаштар, кәрі ағаштың шығыс ұйқысына базынасын білдіре де алмай әлек. Осындай кәрі ағаштар мемлекеттің басқару өнерінде де баршылық. Айырмашылығы ирроционал және рационал жаны болуында керек. Адам қартайған сайын, оның жүргізіп отырған жүйесі де ескіре бастайды. Ескірген жүйе сандырақтап, өткенін аңсаумен күнін өткізеді. Сондықтан жас ағаштардың өзі секілді ерте қартайғанын қалайды. Әйткенмен, бізде осындай рухани болмысынан айырылып, дүниеге келмей жатып қартайып кеткен кәрі ағаштар қалай пайда болады деген сұрақ туындайды.

Сана - ол көзге көрінбейтін бірақ оны басқаруға және өзгертуге болатын адамның белгілі бір мидағы нейрондық жүйеге қатыспайтын ирроционал түсінік. Адам табиғи түрінен айырылып, тарих ғылымы бізге бөліп берген неандерталь, австролепитек және т.б. адамның түрін жер бетінен жойып жіберуіне түрткі болған адамның жартылай санасы еді. Саналы адамның сол кездегі басты жауы - репитилялар жойылып, адам енді бір-біріне жау бола бастады. Географиялық аумаққа, терісінің түсіне қарап нәсілге және мәдени ерекшеліктеріне қарап этносқа бөлу процесі адамның санасының эволюцияланумен тікелей байланысты. Неолит төңкерісі саналы адамның жер бетінде көбеюуіне әкелді. Hоmо sapiens азықтың көп және жеке меншіктің болу керектігін ескеріп, өсімдіктерді жерсіндірді және өзі секілді сүтқоректі жануарларды мәдилендіріп, басқара бастады. Қалдық заттар мұражайының жиынтығы секілді жер бетінің көрнісін өзгеруіне үлкен ықпал еткен- медиа құралдары еді.

Ғасырлар бойы қасиетті Інжіл бітікте (кітап) әуелі сөз болғанын, сөздің Құдайға айналдығын қазіргі медианың түбірі деуге саяды. Бұны қазақтың ойшыл жазушысы Абай Құнанбайұлы: « Өнер алды қызыл тіл» - , деп бір сөйлеммен қайырған. Сөз арқылы мемлекеттің адамдарын ортақ мүддеге тоғыстыру әуелден келе жатқан үрдіс. Яғни, жалған сөз арқылы идеялар бастауы грек мифологиясынан байқауға болады. Сөз- көрнек өнердің бір түрі поэтикаға айналды. Драматургияда трагедиялық және комедиялық кейіпкерлерді енгізген ұлы жазушы Гомер еді. Пифогор ғылымға философия терминін енгізгенмен, философияның ғылым ретінде жүйелеп, дамуына әсер еткен антика философы – Аристотель. Сократқа дейінгі және кейінгі ойшылдар мемлекет арқылы саяси философия ғылымын қалыптастырды. Сократ мемлекеттің Құдайына қарсы шығу арқылы дін зерденің сұрақтарына толыққанды жауап бермейтіндігін меңзеп кеткен еді. Өкінішке орай, Сократтың жазбаша еңбектері табылмады. Шәкірті Платонның «Мемлекет » еңбегінде Сократ, Фрасимах және Адимант арасындағы сөйлестіру (диалог) арқылы өрбіткен еңбегі арқылы ғана таныс. Аристотельдің «Саясат» кітабы Платонның « Мемлекет » еңбегіне ұқсас жерлері өте көп. Аристотель аталмыш еңбегінде Платонды мемлекеттік басқару жүйесін дұрыс теориясын бермейді деп жазғанмен, өзі Платонның ойынан әрі аса алмайды. Аристотель де Платон секілді бірдейлік негізіндегі мемлекеттің көрінісін жазады. Ортақ мүлік, ортақ әйел, ортақ бала, ең бастысы ортақ мүдде. Рухы мен физикалық қабілеті әлсіз адамды мемлекетке шығын келмес үшін елден жырақ ұстау керектігін жазып кеткен. Платон әділетті қоғам құру үшін балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс мифологиялық ертегілер оқыту керектігін үнемі еске салып отырады. Қазіргі тілмен айтқанда ақпаратты, білімді жеке адамның яки саяси элитаның мүддесіне сай өңдеп, жалған мәлімет таратпау. Құдайға айналған сөз, діннің шеңберінен шығып, сөз әуелден адамның еркіндігі үшін керек болғанын антика ойшылдары осылай қалыптастырды.

Ең мықты деген ойшылдардың өзі, түптің түбінде, қоғамға пайдасыз біреу болып қалатындай көрінеді. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда дәл осылай болып жатыр. Адам тек әлеуметтік өмір сүріп, тұлғалық рухынан айырылған. Оның бастауы Үлкен және Кіші Қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге ұласты. Қайта өрлеу индустриялдық, технологиялық қоғаммен аяқталды. Ғылым гуманитар- лық және жаратылыстану деп екі ажырады. Әдебиетте , философияда адамның тек кеңістік пен уақыт аралығында ойланып, зерденің сұрақтарына жауап іздемей, болмыстың бар болудан болмауға ауысқанын әркім өз қалауынша жазып жатты. XV- XVI ғасыры неге «Қайта өрлеу дәуірі» деп аталды. Өйткені гректің мифологиясын, философиясын қайта жаңғыртқан Леонардо Да Винчи мен Микеланджло секілді флоренциялық суретшілер оқи алмайтын адамдарға сурет арқылы трансцендентал сұрақтарға жауап берді. Ақиқатты іздеп, адамдардың рухани болмысын сурет арқылы өлтірмеу керек болды. Сондықтан суретшілер биліктің нұсқауымен сурет салмай, адам жанын түсіну үшін, тәнін анатомиялық зерттеуге көшті. Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго «Париждегі Құдай-Ананың шіркеуі » романында И.Гуттенбергтің кітап шығаратын баспа машинасына «Неміс обасы» деп баға берген еді. Болашақта адамның көру, оқу философиясы өзгеріп , ақпаратты жұқпалы ауру секілді өршіте беретін бақытсыз мақұлық ретінде меңзеп жазған. Уақыт өте келе, көрнек өнердің қай түрі болсада, алдына бұқара деген сөз қосыла берді. Яғни, жаңа жылға дейін танымал болатын бұқаралық ақпарат, бұқаралық мәдениет, бұқаралық өнер, бұқаралық оқулық үлкен беделге ие бола бастады. XX ғасырдың постмодернити философы Жан Бодрийяр бұндай тұтынушы қоғамды әрнәрсенің көшірмесін жасай беретін симулякрға теңеді. Адамның ең асыл тұлғалық қабілеті жоғалғаннан кейін, ішкі-сыртқы айырмашылығын бірдейлестіретін алғашқы публисцистикалық жанр пайда болды. Ғылыми түрде журналистика деп ат қойып, төртінші биліктің қатарына қосты. Төртінші билік дамыған сайын, қоғамда социалистік, фашистік, ұлтшылдық секілді жалған идеялогияның құрбаны көбейе бастады. Адамның іс-әрекет еркіндігі біртіндеп осылай жойыла бастады.

Дәстүрлі және жаңа медиа саласы заңды түрде қолында билігі болмаса да адамның қоғамдық құрылысына әсер етуші бірден-бір құрал. Әрине, ол құрал заманына қарай өзгеріп отырды. Алғашқы өркениетті жазуды ойлап табушы шумерліктер және өзіміздің түркі халықтарының 55 таңбадан тұратын руна жазуы қазіргі газеттің жұмысын атқарды. Жазудың әлем халықтарына таралуы өз мәдениеттеріне сәйкес ұйқасы жоқ, бірақ сол халықтың көбеюуіне, батырлардың соғысқа деген құлшынысын арттыруға алғашқы медианың жалған ақпараттары- жыр-дастандар, әңгіме-қиссалар жазылды. Ол кезде де ақпарат жоғары билік өкілдерінің арнайы тапсырымен, солардың саясатына бейімдеп жазылған болатын. Тек қазіргі медиадан өзгешелігі оны тарату жолы бөлек және бәріне қолжетімсіз.

Қайта Өрлеу дәуірінің жемісі неміс өнертапқышы И. Гуттенберг 1445 жылы кітап бастыру машинасын ойлап тапқан болатын. Әрине патшалықтар тұрғысынан адамдарды ойландыратын идеялар пайда болады деп көп жерде кітап, газет бастыруға тыйым салды. Алғашқы ғылыми-тәжірибелік жаңалықтар ( Галилеоның телескопты аспанға қаратуы, Ньютонның гравитация теориясы) ғалам туралы сұрақтарға жауапты діннің жауап бере алмайтындығын дәлелдеді. Модернити кезеңінің негізігі идеясы ойдың озық бағыты рационалдық ойлаудың түп тамыры осыдан басталады. XIX- XX ғасырдағы әлем адамдарының еркіндікке, әділдікке ұмтылуы медиа институттардың пайда болуына әсер етті. Физикадағы электромагниттік сәулеллерді пайдалана отырып, ақпаратты кеңістіктен, қашықтан тарататын радиохабарлар, Қырғиқабақ соғысының нәтижесі-теледидар хабарлары таратыла бастады. Ақпараттың барлығына бірдей қолжетімді таратылуы медиада цензура ұғымын қалыптастырды. Саяси элиталар өздерінінің мүдделері үшін ақпаратты манипуляциялап жаңа сөздерді жаза бастады.

Ақиқатты танып-білу үшін қоғам философтарға мұқтаж болады, сондықтан, әр маман өз ісінің философы болу керек. Израил тарихшысы Ювал Ноаһ Харари: « Біздер мифтер фабрикасынан шыққан ұрпақпыз»,- деп бір сұхбатында айта кеткен еді. Қазір мифтің бастапқы Құдай кейіпдегі түбірі өзгергенмен, жаңа мифологиялық терминдер пайда болды. Әріден бармай, өз елімізде мифтік түсініктер жаңарып қана қоймай, виртуалдық кеңістікте жүзіп жүр. Әлеуметтік өмір сүріп үйренген қоғамды журналистер, әсіресе дәстүрлі БАҚ, халықтың өзі қалайтын жаңалығын ғана таратып отыр. Қазақ қоғамында еркін сөздің рухы Махамбеттің басын кесумен өліп кеткен секілді. Өйткені шындықты жеткізген домбыраның ішегіне қорғасын құйғанмен, қазақта ақынның басын кесу бірінші рет . Бассыз қалған дене үшін өмірдің не мәні бар. Бірақ, жергілікті биліктің қолшоқпарын көтерген бұқаралық ақпарат құралдары осы денемен өмір сүргенін қалайды. Платон жазып кеткен ел басқаруға лайық деген адамдарын «Үлкен көкенің» көртышқандары шетінен кеміріп жатыр. «Жыланның үш кессе- кесіркелік халі бар» деген қазақта нақыл сөз бар.Тамырын тереңге жайған кәрі ағаштың түбірімен құрту желідегі кеңістікте де мүмкін болмай отыр. Сол үшін журналист журналистика мектебінде өкінішке орай ешқашан үйретпейтін пәндерге, өзі сұрақ қойып іздену керек. Ғылым мен журналистиканы біріктіріп, сыни ойлау қабілетін өзі ғана қалыптастыра алады.

Антика ойшылдары теңізге кеме жібергенмен, бірақ ол бірде тоқтап, бірде кері бағытқа жүзіп келеді. Сондықтан азаматтық журналист яки кәсіби журналист болсын қоғам мен адам арасындағы псевдоларды бұзып, шынайы қоғамның бейнесін ашып көрсету керек. Өзіміздің елімізде кенжелеп қалған ғылымды, әсіресе жаратылыстану ғылымын кеңінен насихаттау керек. Елімізде болып жатқан саяси аш ойындардың, әсіресе жамылғының астынан жамылғы жабылғандардың белең алуы халықтың іргелі ғылымды білуге талаптанбайтындығының белгісі. Қараңғы қоғамда сұрақ қоя білетін, нағыз адамдар азайса, тарихтың қайталанбайтынына кім кепіл?!