Журналистің басты қаруы

Журналистің басты қаруы
жеке
блог

Журналистің басты қаруы, ол – білімі. Иә, білімі. Қазіргінің мамандары тілім болса журналистпін деп, көкірегін кеңге жаяды. Журналист-тілсіз болмас, бірақ ең бастысы білім маңызды. Сіздің ойыңызша қазіргі журналисттер ілім-білімге жақын ба? 

Бүгінгі жастардың көркем дүниеге деген қызығушылықтары төмен. Ал журналистика осы көркем дүниемен тығыз байланысты. Сөйте тұра мен журналистпін дейді. Қазір білімсіз ешқандай салада жүре алмассыз, әсіресе журналситикада. Журналист-тілі мен ақылы ұштасқан ерекше мамандық. Қадірі жоғары мамандықтың қадірін қашытып, біреуді өтірік мақтап, не болмаса қорқытып жазатын, көлденең келген көкаттылар көбейді.

Біріншіден, журналист-қарапайым болу маңызды. Яғни, сізбен үлкен тұлғалар, аула сыпырушылар тіпті министрге дейін сізбен еркін сөйлесе алуы керек. Менмін деп көкіректі аспанға көтеріп, қырып жоюдан аулақ болған жөн.

Екіншіден, журналист қай мамандық иесімен сөйлессе де, сол саланы біліп, хабардар болуы тиіс. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, журналисттің басты қаруы – білімі.

Үшіншіден, журналист қасқыр болуы керек. Кез келген ақпаратты таласып, тармасып өңдеп халық алдына шығаруы маңызды. Себебі, қазіргі ақпараттар заманында ауыз ашып жүру жарамас.

Қорытындылай келе, журналисттің білімді болуы шарт. Сіздің әр жазған мақалаңыз, сіздің еңбек жолыңызға жазылуда. Сондықтан да, ойы жүйрік, білімі ұшқыр маман иесі болу, сіздің көзделген мақсатыңыз болсын.