"Жойылып кетуі мүмкін..."

"Жойылып кетуі мүмкін..."
жеке
блог

''Жұмыссыздық екі түрлі болады, бірі-ерікті, бірі-мәжбүрлі. Бар жұмысты істемеген еріккен еріктілерден бөлек, алдағы уақытта мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалғандар жайлап кетуі мүмкін.''

   Яғни талай мамандықтар керексіз болып қалады да, жұмыссыздық азаймай-ақ күшейе түсуі әбден мүмкін. Нақтырақ айтқанда стратегиялық зерттеу институты сарапшыларының айтуынша, әр заманда кейбір мамандықтарға сұраныс тоқтайды. Себебі қазіргі ХХI ғасырдағы технологиялар қарыштап келе жатқан заманда бүгін бар мамандықтың ертең жоқ болуы оп-оңай. Мысалға тізім бойынша ең алдымен кондуктор, натариус, риелтор, күзетші, билетер, корректор, диспетчер, бухалтер секілді көптеген ұсақ мамандықтар. Бұл мамандықтардың орнын жаңа технологиялар, интернет желілері, сайттар толықтырады.

   Тіпті жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Ендігі айтқым келетіні: «адам баласы екі нәрседен қателеспеуі керек» деп жатамыз. Әрине ең бірінші мамандық таңдаудан! Осы жылғы түлектердің құлағына алтын сырға. Жалпы айтқанда түлектеріміз мамандық таңдаудан қателеспей, қоғамда маңызға ие, елімізге қажет мамандықтарды таңдаса екен деймін.

    Ол үшін әрине ізденісте жүру маңызды. Сондықтан бұл тізімдегі мамандықтар жаңарып, жаңа мамандықтармен толыға береді.Егерде сіз осы жылдың түлегі болсаңыз өмір жолыңыздағы маңызды таңдаудан қателеспеңіз!