Жоспарлау. Франклин пирамидасы

Жоспарлау. Франклин пирамидасы
жеке
блог

“Ертеңнен бастап күнімді жоспарлаймын...” Дәл осылай өзіңізге қанша рет сөз бердіңіз? 

Көп адамға ұзақ мерзімді жоспар құру, алдына мақсат қою қиынға соғып жатады. Күні бойы қолыңыз босамай қатты шаршайсыз, бірақ кешке үйге келіп, “Бүгін мен не бітірдім?”- десеңіз – айтарлықтай нәтиже жоқ. Арманыңызға бір қадам болсын жақындай түсу үшін, қарапайым 24 сағатыңызды дұрыс пайдалануды үйреніңіз. Ал американдық ғалым, философ Бенджамин Франклин методикасы сізге көмектесері сөзсіз! 

“Франклин пирамидасың” мәні неде? 

Пирамиданың негізі – адамның өмірлік құндылықтары, ал жоғарғы саты – әрбір күні жасалатын істер мен міндеттер. Бұл әдіс негізгі нәрсені екінші деңгейден бөлуге, олардың басымдықтарына сәйкес нақты және орындалатын жоспар құруға көмектеседі. Сонымен қатар күнделікті әрекеттеріміздің өмірлік құндылықтарға қалай әсер ететінін айқын көрсетеді. Бұл жаттығудың көмегімен сіз ұзақ мерзімді ғана емес, оған қоса күнделікті жоспарлаудың тиімді жүйесін құрасыз. 

Пирамида негізі – өмірлік құндылықтар 

Пирамида іргетасы  не болатынын анықтау үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз: "Сіз өмірден не алғыңыз келеді? Сіз үшін ең маңыздысы не?"  

Мысалы сіздің ең үлкен арманыңыз осы пирамида іргетасы болуға әбден лайықты. Ал арманыңызға жету жолдары жылдарға, айларға және күндерге бөліне отырып, пирамиданың қалған бөлімдерін толықтыруы мүмкін. 

Кірпіш сияқты барлық элементтер (сағат, күн, апта) бір-бірімен байланысқан кезде, көп сатылы жоспарлау пирамидасын салу үдерісіне ұқсайды. Мұндай құрылым қарапайым және қисынды, оны пайдалану оңай. Жарқын болашыңызға талпынысты қазірден бастаңыз!