Гүлдер әлемі (фоторепортаж)

Аллаһтың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар, нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз. Табиғатқа қарап тұрып шаттана аламыз. Бізді ең көп шабыттандырып, жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз.

Бүгін табиғат аясы мен жол бойында адамдар байқай бермейтін сұлулық символдарын суретке түсірген болатынмын. Кезекті фоторепортажымды қабыл алыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Austria-дан келген ағалармен бір сурет...

Фоторепортажды түсіру барысында велосипедпен Austria-дан Australia-ға жол тартқан туристерді жолықтырдым. Ауылымыздың кіре берісінде кездескен туристер 20 елді велосипедпен аралап өтіп, діттеген жерімізге жетеміз дейді. Қазақстан арқылы Қырғыз еліне жол тартып, ары қарай Аспан асты еліне кетеді екен. Уақыттың тығыздығғына байланысты ауылымызбен Қазақ елі жайлы көп ақпарат айтып үлгермедім. Instagram – дағы парақшамды сұрап, өздерінің визиткаларын қалдырып кетті. Саяхаттарының барысын мына сайттан бақылай аласыздар. www.austria2australia.com

 Austria-дан келген туристер Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылында. Батыс Европа Батыс Қытай тас жолымен Тараз қаласына қарай жолға шыққан кез.

Визитка...

Құрметті оқырмандар, суреттерім ұнаса ЛАЙК басып ПІКІР қалдыруды ұмытпаңыздар. Өздеріңізге ұнаған тақырыптар болса сол тақырыпта фоторепортаж жасауға тырысамыз. Ол үшін тақырыпты пікірге жазып қалдырыңыздар.

 



Бөлісу: