Ғаламдық проблемалар

Ғаламдық проблемалар
жеке
блог

Қазіргі таңдағы ғаламдық проблемалардың бірі болып, меніңше экологиялық проблемаларды жатқыза аламыз. Экологиялық проблемалар дегеніміз - табиғат пен қоғамның қарым - қатынастардың салдарынан туындайтын экологиялық проблемалар. Қоршаған орта мен адамзаттың қарым - қатынасы жақсы болуы қажет деп санаймын. Себебі адам баласының әрбір іс-әрекеті табиғатқа зияндық алып келеді. Ал бұл проблемалардың бірден - бір себебі: халық санының күрт көбеюі деп ойлаймын. 

Шешу жолдарының мынадай түрлерін ұсына аламын: 

1. Қоқыстарды көшеге тастамау.

2. Ормандар мен қорықтарды көптеп салу.

3. Қалдықсыз технологияларды пайдалану. 
4. Бір реттік немесе бірнеше реттік сөмкелер мен ыдыстарды пайдалану. 

Қарапайым дүкенді мысал етіп алайық. Мәселен , дүкеннен су алдық делік. Ал судың сырты пластмассадан жасалады. Пластик , пластмасса мұнайды полимерлеу арқылы жасалынады. Соның салдарынан бірнеше жылдар бойы шірімейді. Тіпті, сипатын өзгертпейді. Бұл біздің қоршаған ортамызға аса  зиян болып табылады. Пластиктің қоршаған ортамен қоймай адамзатқа да  әсері өте көп. Біріншіден, біз оларды пайдаланғанда улы заттар бөлінеді. Соның салдарынан денсаулығымызға нұқсан келеді. Екіншіден, қоршаған ортаға яғни, ауа, су , топыраққа зиян. Ал бұл үдерістер экожүйені бұзады. 
Шешу жолдарын қарастыра кетсек:бірреттік полиэтилен пакетінің орнына сөмкені пайдалану , пластикалық бөтелкелерге  қарағанда шыныдан жасалған ыдыстарды пайдалану.
Дүкеннен кез келген затты алғанда қағаздан жасалған заттарды алуды ұсынар едім. Және де сұрыптау арқылы пластмасса , бірреттік полиэтилен пакеттері мен қоқыстарды сұрыптау қоқысына тастау .

Мен ойымды қорытындылай келе , ғаламдық проблемаларды шешу біздің қолымызда екендігін жеткізгім келеді. Біз неғұрлым тиімді жақтарын қарастырып , соны пайдалансақ, соғұрлым қоршаған ортамызға септігімізді тигізе аламыз.