Дұрыс ұйықтап жүрсіз бе?

Адам қанша сағат ұйықтау керек?

Адамның өзін жақсы сезінуі үшін тәулігіне кем дегенде жеті жарым сағат ұйықтауы керек. Ұйқының аздығы күйзеліс, сусақ (қант диабеті), жүрек-қантамыр аурулары мен жазатайым оқиғалардың тууына себеп болады.

"Лидс Университетінің психологтары 18 бен 80 жас аралығындағы 1024 британдық азаматтың арасында сұрау жүргізіп, жаңа тұжырым жасады" - деп хабарлайды The Daily Mail. 30 бен 50 жас аралығындағы сауалнамаға қатысушылардың 25 пайызға жуығы дұрыс тынықпаған. Олардың бір жылда 15 күнге жуық ұйықтамағаны анықталды. Осыдан кейін қатысушылардың 42 пайызы жұмысқа байланысты күйзеліске ұшырағанын айтып, шағымданды. 30 пайызы жұмыстың кесірінен ұйқы қанбайтынын айтқан.

Сұралғандардың 5 пайызы ғана небәрі 5 сағат ұйықтауды алдын ала жоспарлаған екен. Респонденттерден алдағы түн қалай өткені туралы сұрағанда, олардың 25 пайызы 5 сағаттан кем ұйықтағандарын айтқан.

Айта кетейік, Калифорния университетінің зерттеушілері таяуда тәулігіне 8 сағат ұйықтау қажет деген тұжырымды жоққа шығарған. Олардың айтуынша, іс жүзінде, небәрі 6-7 сағат ұйықтау да жеткілікті деп тұжырымдалған-ды.

Тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек?

Ересек адамдарға тәулігіне 6-8 сағат ұйқы қажет. Көбісіне үш 8 туралы ереже белгілі: 8 сағат — жұмыс үшін, 8 — демалыс, 8 — ұйқы үшін. Шынымен, көпшілік адамдар 8-сағаттық ұйқыға әдеттенген.

Бірақ ерекшеліктер де болады. Сонымен, Напалеон — 5 сағаттық ұйқыны жөн санаған. Ал Эйнштейн болса 12 сағат ұйықтайтын. Леонардо да Винчи әр 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған екен, тәулігіне 1,5 сағат қана.

Ұйқымен тәжірибелер:

Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның қорғаныс күшін азайтады, жүйке жүйесінің жұмысын бұзады (ашуланшақтық, зейінсіздік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы). Ұйқының жиі қанбауы гипертонияны, диабеттің 2 түрін, ұйқысыздықты, меңіреу жағдайды, артық салмақты қосуды тудырады.

Ал тым көп ұйықтау да адам ағзасына кері әсер етеді. Ғалымдардың жаңа зерттеулері бойынша: күніне 7 сағаттан артық ұйықтайтындар, ерте қайтыс болатын адамдар санатына кіреді екен.

Зерттеулер көрсеткендей, ұйқы қанбау немесе тым көп ұйықтау суицидтік бейімдердің пайда болуына әкеледі. Өзін-өзі өлімге жығатындардың көпшілігі ұйқыға қатысты проблемаға шалдыққандар екен.

Ұйқыға деген жеке ыңғай:

Көптеген зерттеушілер өз ағзаларыңыздың талабына құлақ асуды сұрайды. Егер сіздер өздеріңізді 5 сағаттық ұйқы барысында сергек сезінсеңіздер, онда бес сағат қана ұйықтасаңыздар болады, керісінше де солай. Сіздің ағзаңыз осындай ұзақтылықты талап етеді деген сөз.



Бөлісу: