Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі

Біріншіден. Бұрын Ахмет емле жазған кезде қазақтың сөздері таза еді. Одан кейін «Кириллицада орыс сөздері орысша жазылып, орысша айтылуы керек», -  деген заң шықты. Соның арқасында бәріміз «ка», «ко», «га», «го»,«ак», «ок», «аг», «ог» - деген тіркестерді  орысша айтуға әбден көселіп алдық. «ң»-ды танымайтын «қазақсымақтар» пайда болды.

Ол аздай 1950 жылдары біздің сорымызға қириллицадағы орыс әріптерін пайдаланып жазуды қысқартқыштар шықты. Сөйтіп қағаз бетін үнемдегіштер қазақтың емлесін сорлатты. Алғашында «ой» түбіріне «ыу» жалғауын қосып «ойыу»,- деп жазатынбыз. Ол кәдімгі «тұр» + «ыу» = «тұрыу» сөзімен жазылу ережесі бірдей еді. «Үнемдегіштер» бұл сөздерді «ою», «тұру»,- деп өзгертті. Сол сияқты «ой» + «а»   = «ойа», «тұр» + «а» = «тұра» болатын. Олар «оя», «тұра» болып шықты. Ал енді бала қалай «оя» мен «ою» сөздерінің түбірі «ой» екенін табады. Бұрынғы «Түбірге жалғау жалғанңанда түбір сөз өзгеріссіз қалады»,- деген емленің ережесі әдіре қалды. 

«и» мен «у» әріптерінің қолданысы тіптен сорақы.

Мысалға оқы сөзін алайық. Алғашында «оқы» түбіріне «у» жалғауын қосып «оқыу»,- деп жазатынбыз. Ол кәдімгі «тұр» + «ыу» = «тұрыу» сөзімен жазылу ережесі бірдей еді. «Үнемдегіштер» бұл сөздерді «оқу», «тұру»,- деп өзгертті. Сол сияқты «оқы» + «й»   = «оқый», «тұр» + «а» = «тұра» болатын. Олар «оқи», «тұра» болып шықты. Ал енді бала қалай «оқу» мен «оқи» сөздерінің түбірі «оқы» екенін табады. Бұрынғы «Түбірге жалғау жалғанңанда түбір сөз өзгеріссіз қалады»,- деген емленің ережесі тағы бұзылды. 

Сөйті бұрын бір-ғана ережемен жалғанатын жалғау енді 4 түрлі ережемен жалғану керек болып шықты.

 «ми»,  «би»,  «бу», «гу», «ти», «жи», ... сөздерінде дауысты дыбыс жоқ. Ал керек емес ережелері көп қазіргі емледе мұндағы «и» мен «у» дыбыстары ауыспалы дауысты дыбыстар дейді. Бұл жерде бұлар дауысты дыбыс мағынасында қолданылып жатыр-мыс. Барып тұрған өтірік. Егер олар дауысты дыбыс болса 3-жақта өзіндік жұрнақ «бала» + «сы»   = «баласы», «көше» + «сі» = «көшесі» болып жалғанады. Ал бұл сөздер «ми» + «ы»   = «миы» ,  «би» + «і»   = «биі» ,  «гу» + «і»  = «гуі»,  «бу» + «ы»  = «буы». Олар «бас» + «ы»   = «басы» ,  «бәс» + «і»  = «бәсі» сияқты дауыссыз дыбыстар. Онда емленің «Кез келген буында бір дауысты дыбыс болу керек»,- деген ережесі қате ме? Жоқ. «Үнемдегіштер» бұл сөздерді өзгерткенінде болып тұр. Бұлар Ахметтің тұсында дыбыстық құрамына байланысты «мый»,  «бій»,  «бұу», «гүу», «тій», «жый» болып жазылған. Сондықтын кирилл әліпбиінде жазылған сөздер түбір сөзге дейін, түбір сөз буындарға, буындар дыбыстарға жіктеліп, буындар, түбірі түзетіліп, қайтадан жұрнақ - жалғаулары жалғанады. Мен бұл туралы біраз программа жазғанмын. Оны әлі де туралау керек. Тілді түзету атсалысқысы келгендер болса бірге жұмыс жасауға болады. Менде 1,5 миллионнан астам сөздік қоры бар. Қазаұтың барлық сөзін жөндеуге толық мүмкіндік бар. Болашақ ұрпақтарымыздың тіл тазалығы үшін бірігейік қазағым!

Жақын арада мен деректер қорында тексеріп шығып бұндай қателерге толықтай талдау жасап беремін,

Менің ойымша бұрынғы «Түбірге жалғау жалғанңанда түбір сөз өзгеріссіз қалады»,- деген емленің ережесін орнына қою үшін ғана кирилл жазуынан кету керек. Бұл жазуда қалсақ «Үнемдегіштер» салып кеткен лайсаң жолдан шығу мүмкін емес. Жазуымызда бар «я», «ю», «и» дауссыздарымыздан бас тарту керек екенін мамандар түсінсе де, қарапайым халық түсінбейді.

Екіншіден. Біз латын тіліне өтпейміз. Тек қана қазақ сөзін жазу үшін латын әріптерін қолданамыз.

 

 Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті

https://vk.com/doc239758952_450677576

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала

 

 

 



Бөлісу: