Талаптың мініп тұлпарын...

          Көп адамдар арман мен мақсатты шатастырып жатады.Яғни екеуі бір ұғым деп ойлайды.Арман - шексіз ойдың жемісі. Ал,мақсат арманға жету жолындағы жасалатын іс –әрекеттер. Екеуі бір-бірімен ұштасып,байланысып жатыр. Алға қойған мақсатыңа жету үшін де алдымен талап керек. «Қазақтың бас ақыны» - Хәкім Абайдың осы хақында айтқан сөздері жастардың жадында. Менің де мақсатыма Массагетпен жетсем деген талабым бар. 
          Мен, Көркем  фильм  алдағы  екі  айда;
          1. Көпшіліктің ақсайтын тұсы мені де айналып өтпеді.Математиканы толығымен меңгеріп, есепке деген ынтамды арттырып, оқылықтың орнын толтырамын. 


          2. Қолымдағы Ғабит Мүсіреповтің таңдамалы шығармаларын оқып шығамын.(аударма,әңгіме,повесть, «Қазақ солдаты», «Ұлпан» романдары) 


          3. «Батырлар жыры» 6 томдық кітабын оқимын.Әйтпесе,осы  жайында  сұрақтар  тестте  келіп,басыма  таяқ боп  тиген еді...

 


          4. Кітапханашы болудың қыр-сырын меңгеру. "Кітапханашы  болсам" деген арманымды орындап, "дипломы жоқ"  кітапханашы боламын.


          Және бір мақсатым – «МАҚСАТЫМА МАССАГЕТПЕН БІРГЕ ЖЕТУ» 
Алдағы екі айда осы мақсатқа жетуге барынша тырысып бағамын. Сонымен қатар блог жазу тыс қалмайды. Үйренгенімді сіздермен бөлісіп отыратын боламын,қызықты блогтар жазамын.Барлық қатысушыларға,"БАСТАУ"-лық  достарыма  сәттілік тілеймін!

 



Бөлісу: