Мен мақсатыма қалай жеттім? (Байқауға)

       "Алға ұмтылу-өмірдің мақсаты осы ғой. Өмірдің мәні мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше тұрмыс-тіршіліктің әрбір сәтінде алда үлкен мақсат тұруға тиіс." ©М.Горький

       Қайырлы күн,қадірлі достар! Сіздермен қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын.
       Бүгін мен байқау аясындағы келесі ой-толғауымды жазуға бел будым. 
      "Мен мақсатыма қалай жеттім?" Міне, бүгін мен осы бір сұраққа жауап іздеп көремін. Мақсат-арманға апарар жол! 
     Әр адамның арманы және алдына қойған мақсаты болады.Әр адам алдына мақсат қою керек,
сонда ғана ол арманына жетеді. Мақсатың неғұрлым айқын болса, соғұрлым арманыңа тезірек жетесің.  Мен биыл 9-сыныпты бітірдім.  Осы уақыт ішінде,көптеген мақсаттарым орындалған. Айтуға тұрарлықтай жеткен мақсатымның бірі -қызыл аттесттат алу.
     Мектепке алғаш қадам аттағанымнан бері, осы 9-сынып бітіргенге дейін үздік оқыдым. Арманым - ата-анамның үмітін ақтап, алтын белгі иегері атану. Осы арманыма жету үшін алдыма, әр жыл сайын сабағымды 5-ке бітіріп, қызыл аттесттат алып, алтын белгі иегері атанамын деген үлкен мақсат қойдым. Бүгінде, бұл мақсатыма да жеттім. Бітіруші сынып қатарына кіретін болғандықтан, оқу қиын болды. Әр ай сайын тест тапсырып отырдық. "Емтиханда қорғай алуың екіталай" деген сөздерді де естідім. Бірақ, бұл сөздер маған әсер еткен жоқ, керісінше, намысқа тырысып, күні-түні емтиханға дайындалдым. 
       Осындай кезде, туысқандарымның, достарымның қолдауы -менің мақсатыма жетуіме септігін тигізді. Мен мақсатыма жетіп, емтиханды 5-ке тапсырып, қызыл аттесттатымды алып, ата -анамды бір қуанттым.
       Менің түсінгенім:адамның қолынан келмейтін іс жоқ, тек сәл ғана еңбектену керек.  Мақсатқа жету үшін: жақындарыңның қолдауы мен өзіңе деген сенімің болса жеткілікті. Мен мақсатыма еңбектің арқасында жеткенімді айта кетейін. Барлықтарыңызға айтары: Армандар орындалады,мақсат айқын болса!
      Армандаңыздар, алға үлкен мақсат қойыңыздар!
      Арманыңды мақсатыңа айналдыр!



Бөлісу: