Абайдың асыл сөздері (Байқауға)

Абайдың асыл сөздері  (Байқауға)
жеке
блог

     Ұлы ақын Абайға деген өз салиқалы пікірін Мағжан Жұмабаев өлеңінде:
          "Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,

           Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес", - деп үлкен тебіреніспен айтқан. Күні бүгінге дейін өзі түгіл ой-қиялымен де   әлемнің шеті мен шегіне жетіп қайтқан пендені көрген емеспін.
Әлемнің шексіз екендігін - адамзат баласы әлдеқашан мойындаған. Ой елегінен өткізіп қарасам, Абай әлемі де осы бір   кеңістік тәріздес шексіз, болады да тұрады, маған.Бала қиялмен,
ой маржанына үңіле қарай беремін. Артына қалдырған дүниелерінің бәрі, алтыннан да қымбат.
    Абай атаның өлеңдерін түбіне жете түсініп, мән-мағынасына жете ұғындым десем, өтірік болар.
Қыр-сыры, құндылығы мол бағамды дүниелер, соның ішінде 
ақын атаның "қара сөздерінің" құдіреттілігіне ерекше бас иемін.  Қырық бес ойлы да, тағылымы мол сөздерді зерделей қарасам халқымның, ұлтымның өткені мен  бүгінгі бейнесін көргендеймін.
    Адам жасы үлкейе келе көп нәрсенің бағасын бағамдай бастайтыны белгілі. Шіркін, осы күнгі білім алудан гөрі сауық құрғанды, жұрт қамынан гөрі қара басын ойлағанды тәуір көретін адамдарға Абайдың қара сөздерін оқытса жақсы болар еді.  Кейбір кісілер Абай атаның жиырма тоғызыншы сөзінде сынаған мақалдарды өздерінің ауызекі сөйлеу сөздерінде пайдаланып жүр.
"Алтын көрсе, періште жолдан таяды"
"Жарлы болсаң, арлы бол" т.б.
Адам бойында кейбір мінездерді сынай отырып, одан сақ болуға жол көрсетеді. 
      Алтыншы қара сөзінде:
...Көкірегі, көңілі тірі болса, тірлік деп соны айтады. Өзің 
тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. 
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың - пысық, ішің - нас
Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің 
өзі артық.
Қырық екінші сөздегі:
"Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы"
деген сөздің мағынасын терең 
ұғына білеміз. "Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын" дегендей ойлы пікірде
көп нәрсені айшықтап тұр емес пе? Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл надандарды тудырып отырған әрине жұмыссыздық. Одан құтылу үшін
еңбек ету керек дейді. Абай ойының құндылығына, әлі күнге дейін маңызын жоймағанына таңданасыз. Тер төгіп еңбектенуден қашатын, қылмысқа бейім, мінезі сотқар жастарымыз көбейіп барады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларын ел боламыз деп ұмтылыс жасап отырған кезімізде терең ұғынып, ғажайып құдіретін барынша пайдаланып, іске жаратсақ қандай тамаша !