Do more of what makes you happy! (Байқау)

Do more of what makes you happy! Сені бақытты қылатын істермен көбірек айналыс!

Қашан да бір істі бастап, іліп əкету қиынға соғады ғой. Сол сияқты менде кейде қолымды бір сілтегім келіп, дайындықты азайтқан кездерім болды. Бірақ, айналдырған үш қызымыз қалған тобымды, апайымды қиын жағдайда қалдырғым келмеді. "Ғарыш" - менің мотивациям болды. Бойымдағы сенімділік пен еңбекқорлығымды оятты! Алғысым шексіз!

Осы апта басталысымен күн тəртібіме "АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ!" деп үлкен əріптермен белгілеп қойдым. Ең алдымен, өзім жиі қолданатын Вконтакте желісінде іздеу жүргізіп, керек мəліметтерді смартфоныма жүктеп алдым. Кейін грамматиканы бір қайталап өтуді жөн көрдім. Тіл үйрену барысында ескерген маңызды бөліктерім:

1)Ағылшын тілін үйрену үшін ең алдымен қай елдің диалектінде сөйлейтініңізді анықтап алу керек. Мен АҚШ диалектісін таңдадым.

2) Apps! Shyrak Baikenova-ның You tube-тегі блогын көріп, айтылған бағдарламалар ішінен Duolingo бағдарламасын жүктеп алдым. Сіздерге де ұсынамын! Өте түсінікті, көмегі мол бағдарлама! Duolingo арқылы əр күні сөздік қорыныз бен грамматиканызды қатар жетілдіріп отырасыздар!

3)Ағылшынша кіптарды оқу! Иə, түсінбесемде ағылшынша кітапты оқыдым десем өтірік болар! Ағылшын тіліңде кітап қолымда болмағандықтан, мен аудиокітап жəне əндер тыңдауды шештім.

Жалпы ғаламтор керемет дамыған заманда керегінді іздеп табу қиындық тудырмайды. Əйткенмен, тапқаныңды бойына сіңіріп, ұғына білу керек! Массагетпен бірге мақсаттарыма жақындағаныма қуаныштымын, бұл мені бақытты етеді! Ағылшын тілін бірге үйренейік, маған қосылыныздар!



Бөлісу: