Адастырмас армандарым.

Адастырмас армандарым.
жеке
блог

Сөзімнің басын сәлемдесумен бастағалы отырмын. Армысыздар! Массагет порталының сүйікті оқырмандары мен ой санасы жаңалықтардан алда жүретін ғажап жандар. Жалпы, өзім жайлы ақпаратқа келер болсақ. Мен - " Жер жәннаты- Жуалының" ару қыздарының бірі- Аманкелдиева Сандуғаш боламын. Достарым жәй ғана Санду деп атайды. Биыл құдай қаласа 11-сыныпқа аяқ басқалы отырмын.Ендігі жылы ҰБТ тапсырамын.Ех, мен үшін "Ұлы бір күндік трагедия". Алдағы күндеріме тек сәттілік!                                 Бос уақытымда- бала қараумен айналысамын. Балалар өзінің тәп-тәтті қылығымен баурап алады. Сонымен қатар жаңа тағам түрлерін жасаймын. Осылайша уақытымды пайдалы әрі қызықты өткіземін.             Өмірде еліктейтін бір керемет тұлға бар. Ол- Анам. Неліктен? Себебі, анам әр қашан адамдарға көмек береді және жұмысы кітапханашы болғандықтан олда көптеген әдеби кітаптар оқиды. Анамның бойынан көптеген жақсы қасиеттерді табуға болады. Сол жақсы қасиеттерді өзімнің бойымнан көргім келеді.                 Менің хоббиім- кітап оқу, фильм қарау. Әр бір адам кітапты оқып шыққанан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады. Өйткені, кітапта тарихи шындықтар ашып жазылады.                                                                                                                                         Өмірлік ұстанымым- өзгелерден бөлек дүние қалыптастыру.                                                                     Байқауға қатысудағы ниетім- өзіме күш-жігер жинау.Массагет порталында саған көптеген адамдар қолдау көрсетіп достық ниетін білдіреді. Бұл мен үшін мақсатыма жетудегі жетістігім.