- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шыдай-шыдай шаршадық". Қазақстандықтар...
"Шыдай-шыдай шаршадық". Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жаңа флешмоб бастады
Желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған жаңа челлендж басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
31 жастағы Салтанат Нүкенова күйеуінің ұрып-соққанынан қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін Казнетте Әлеуметтік желі қолданушылары "әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуды" талап етіп, челледж бастады. Қыздар өздерінің зорлық-зомбылыққа тап болғанын көрсететін макияж жасап, Желіде #меняйзакон, #стопнасилие, #немолчи, #ужесточинаказание сияқты түрлі хэштегпен өз оқиғасын бөлісіп, жазба жариялап жатыр.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 61 277 жағдайы тіркелген.
Фото: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Осы тақырыпта желіде белсенді талқыланып жатқан бірнеше ролик тізбегі.
"Қазақстан, әйелді қорға. Бізге қатаң заң керек", - деп жазған TikTok-қа видео жүктеген қыздың бірі.
@muller_kamilla Қазақстан, әйелді қорға! Бізге қатаң заң керек! #салтанатнукенова #фемицид ♬ Ақ келін - Гаухар Әлімбекова
Балжан есімді Желі қолданушысы да жантүршігерлік хабарлама жариялаған.
"Қоғам "Бас сынса, бөрік ішінде. Қол сынса, жең ішінде", үйдегі мәселеңді сыртқа шығарма дейді, бірақ бұл тор, түрме және кешкі ас алдындағы таяқ. Үндеме, жай ғана демал және күл. Ертең сіз Қазақстандағы зорлық-зомбылық құрбандарының тізімін толықтырасыз", - деп жазған ол өз хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тағы бір Желі қолданушы қыз Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб басталғанын айтты.
"Күн сайын жаңалықтардан біз әйелдің ұрып-соғылғанын, зорланып, өлтіріп кеткенін естиміз. Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорлары зардап шеккендердің санына көмектесіп, үлгермей отыр. Қылмыскерлер жауапкершіліктен жүйелі түрде жалтарады. Заңнама зорлаушыларға қатаң емес, ал Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыссыздандырылды", - деп жазды ол.
@hhhonneyy НАШЕ ТРЕБОВАНИЕ: ОСТАНОВИТЬ НАСИЛИЕ НАД ЖЕНЩИНАМИ. Мы запускаем флешмоб против насилия над женщинами в Казахстане. Каждый день в новостях мы видим случаи избиения, изнасилования и убийства женщин. Фонды помощи жертвам насилия не справляются с количеством пострадавших. Преступники регулярно уходят от ответственности. Законодательство по отношению к насильникам мягкое, а семейно-бытовое насилие в Казахстане декриминализировано. Наши требования к правительству: 1. Ужесточить наказание для насильников, введя более строгие нормы наказания, соответствующие тяжести совершенных преступлений. Строго наказывать с первого применения насилия. 2. Криминализировать семейно-бытовое насилие, предав ему статус уголовного преступления и введя жесткие меры ответственности для нарушителей. 3. Обеспечить безопасность жертв насилия, предоставляя им доступ к эффективным механизмам защиты, а также обеспечить поддержку и содействие со стороны социальных служб. 4. Создать эффективные механизмы контроля и мониторинга за соблюдением новых законов, а также обеспечить обучение правоохранительных органов по борьбе с насилием в отношении женщин. Мы, женщины Казахстана, настаиваем на немедленном реагировании со стороны правительства. Наша цель - создать общество, где женщины чувствуют себя защищенными и равноправными. Мы призываем всех женщин объединиться в борьбе против насилия и поддержать наш флешмоб, чтобы каждая могла жить безопасно и свободно. #заңдыөзгерту #меняйзакон #жазанықатаңда #ужесточинаказание ♬ оригинальный звук - К т о
Қыздар "қауіпсіз Қазақстанда" өмір сүргісі келетінін алға тартып отыр.
"Біз барлық әйелді зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірігіп, әрқайсысы қауіпсіз және еркін өмір сүруі үшін флешмобымызды қолдауға шақырамыз. (Барлық видеода макияж қолданылған, шынайы жарақат емес)", - деп жазды Малика есімді Желі қолданушысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әйелдер құқық қорғау органдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуын сұрайды.
"Біздің мақсат - әйелдер өзін қорғалған және тең сезінетін қоғам құру. Біз барлық әйелді зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірігіп, әрқайсысы қауіпсіз және еркін өмір сүруі үшін флешмобты қолдауға шақырамыз", - делінген флешмоб мәтінінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желі қолданушылары флешмобқа қатысты өз пікірін білдіріп, жарияланған жазба астына ондаған пікір қалдырған.
"Қанша әйел шыдап, үнсіз отыр", "Қыздар, шыдамаңыздар, бұл жауыздарға(изверг) сіз арқылы өз кемшіліктерін өтеуге мүмкіндік бермеңіз! Қорықпай, кетіп қалыңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз, құрметтеңіз", "Біз мұндай қарым-қатынасқа төзуден шаршадық", "Әйелдер қауіпсіз өмір сүруге құқылы", "Мұндай флешмобқа қарсымын. Бетті көгертіп, қанату арқылы мәселені құнсыздандырып отырсыздар. Бұл сурет, театр, қойылым, ойдан шығарылған, қиял секілді әсер қалдырады", "Көшіру әсер етпеді. Зорлық-зомбылықтың нақты құрбандары бар және мұндай сахналанған бейне әйелдердің басынан өткенін жоққа шығарады", - деп жазған пайдаланушылар жазба астында.
Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Сағат 19:54-те елордалық жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне шақыру түскен. Шақыру орнына келген дәрігерлер 1992 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын анықтаған. Кейін қайтыс болған - 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол Қуандық Бишімбаевтың заңды жұбайы.
11 қарашада Павлодарда Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің жаназасы шығарылды. Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі қаланың орталық мешітінде өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә