- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен оған қыз...
"Мен оған қыз сыйласам, ол маған көлік сыйлады". Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы күйеуіне алғыс айтты
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі ретінде танылған Гүлнұр Назарбаева қызды болғаны үшін қазіргі күйеуі су жаңа көлік сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Гүлнұр Назарбаева Болат Назарбаевтың үшінші әйелі болған еді. Ал қазір ол - өзбек кәсіпкері Азиз Ниязовтың жары.
"Алғысым шексіз, менің патшам. Мен оған қыз сыйласам, ол маған су жаңа автокөлік сыйлады", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаеваның (бұрынғы тегі - еск.) некесі 2009 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Жамбыл аудандық АХАЖ бөлімінде тіркелген. Неке тіркелгеннен кейін Гүлнұр Дүйсебаева күйеуінің тегін алған.
2021 жылы Болат Назарбаевтың өкілдері Гүлнұрды тегінен айыру бойынша істі Жоғарғы сотқа дейін апарған. Алайда Гүлнұр Назарбаева сот арқылы экс-жұбайының тегін сақтап қалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы