- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр хиджабқа қатысты...
Министр хиджабқа қатысты сұраққа жауап беруден жалтарды
Күздегі жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының хиджаб кию мәселесі қызу талқыланады. Жуырда оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысқан кездесуде дәл осы мәселе қайта көтерілді. Бір қызығы министр хиджаб киюді жақтаған азаматтың уәжімен келіскендей сыңай танытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Үкімет отырысында Ғани Бектайұлына "хиджаб киюуге рұқсат бересіздер ме, жоқ әлде бермейсіздер ме" деген сұрақ қойылды.
"Біз бірнәрсені түсінуіміз керек. Біз бәріміз оған келістік, Конституцияда жазылған, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан Конституцияға сәйкес мектептерде өмір сүруі керек деп есептейміз", - деп қысқа-нұсқа жауап берді министр.
Сондай-ақ, журналист шенеуніктен оқушылар мектепте хиджаб киіп-кимейтінін сұраған.
"Мен жауап бердім ғой. Зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы мемлекеттің заңын орындауға тиістіміз. Жалпы, біз мектепте білім дағдыларын қалыптастырған кезде біздің мемлекеттің заңдарына сәйкес, оқу процесі сол жердегі үдерісте жүргізілу керек. Сондықтан да заң қай мемлекеттік органда болса да қатаң сақталуға тиісті. Біз осы заң жолымен жүретін боламыз", - деді министр.
Ғани Бектайұлы "оқушылар мектепте хиджаб киеді немесе кимейді" деп нақты айта алмады. Соған қарағанда ол "үндемеген үйдей бәледен құтылады" деген қағиданы ұстанса керек.
Серік Құдайбергенұлы
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан