- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен кеткенде сен...
"Мен кеткенде сен кішкентай бүлдірген". "Айгөлек" байқауын жүргізген қыз ұзатылды
Әнші, актриса Назым Әбілдина ұзатылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиев, Еркеш Хасен, Әлихан Байсұлтанов секілді танымал өнер адамдары жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Назымымызды ұзаттық. Барған жеріңді бақытты қыл, аппақ қарындасым", - деп жазды Еркеш Хасен Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары теледидардан көрген қыз бойжеткенін айтып, әншіге бақыт тілеп жатыр.
"Назым да бойжетті. Теледидардан көруші едік, Айгөлектен", "Өсіп қалыпты Айгөлек", "Бақытты болсын. Айгөлек ұмтылмас бағдарлама болып еді, олар керемет жүргізушілер", "Мен кеткенде сен кішкентай бүлдірген, Назымның да бойжететінін кім білген?", "Кіп-кішкентай қыз еді, "Айгөлектің төрінде" деп ән салып жүрген", - дейді пікір білдірушілер.
Айта кетейік, Назым Әбілдина алғашында "Айгөлек" балалар байқауының жүргізушісі ретінде танылған еді. Ол "Лүпіл", KeshYou топтарының құрамында болды. Кейінгі кезде жеке әнші ретінде де өнер көрсетіп жүр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова