- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақшаны алғанда бәледей"....
"Ақшаны алғанда бәледей". Қайрат Нұртастың анасы ұшақта ұрыс шығарды
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Кореядан Алматыға ұшқанда бортсерікпен келіспей, ұшақта шу шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"...Қыдырған жақсы, үйің болған одан да жақсы. Ұшақта адам аз екен. Жаңа ұйықтаймын деп отыр едім. Бортсерік қызбен ұрысып қалдым. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі ащы "чикен". "Бізде ол қалмады, бітіп қалды" деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады?! Түсініксіз. Біз не үшін бизнес класпен ұшамыз?! Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді бұлар?! Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді? Бұлардыкі мүлдем дұрыс емес", - деп ренішін білдірді продюсер.
Бірақ кейін бортсерік қыз қатесін түсініп, кешірім сұрағанын жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева