Инчхонда өтіп жатқан XVII Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына үшінші алтын медальды салды.
Құрамында Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Оксана Середа бар отандастарымыз 203 ұпаймен Қытай құрамасынан 4 ұпай артық жинады. Үштікті Солтүстік Корея құрамасының мергендері қорытындылады.
Сонымен қатар, семсерлесуден Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Диана Паманши және Юлия Живица бар жерлестеріміз Қытай құрамасынан 27:45 есебімен жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.
Бүгін Азия ойындарының төртінші күніндегі медальдар жиынтығы сарапқа салынуда. Әзірге жерлестеріміздің еншісінде үш алтын, екі күміс, алты қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте алтыншы орында келеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vesti.kz