Жақында ғана мәресіне жеткен Азия ойындарынан кейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласы Пара-Азия ойындарын қабылдауға дайындалып жатыр. Жарыстың ашылу салтанаты 18 қазан күні өтеді.
Пара-Азия ойындарында ел намысын 84 спортшы қорғайды. Олар спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. Атап айтар болсақ, жебе ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқпен ату, жүзу, үстел теннисі, волейбол және арбада билеу. Жерлестеріміз Оңтүстік Корея жеріне 13 қазан күні аттанатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, 4 қазан күні аяқталған Азия ойындарында отандастарымыз рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, 28 алтын 23 күміс 33 қоламен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болған еді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: doramakun.ru