- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Ушудан Ришат...
Инчхон-2014. Ушудан Ришат Ливеншо күміс жүлдегер атанды
Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарында у-шу-сеньдадан сынға түскен қазақстандық спортшы Ришат Ливеншо күміс жүлдені еншіледі. Ол шешуші жекпе-жекте ирандық Мохсенои Мохаммадсеифиге есе жіберді.
65 келі салмақта алтынға таласқан қазақстандық спортшы осылайша Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы Ришат Ливеншо финалға шығар жолда түркіменстандық Салахеддин Байрамовты жеңген болатын.
Айта кетейік, Азия чемпионы атанған спортшы 10 мың доллар көлемінде сыйақы алса, екінші орын алған спортшыға 5 мың доллар беріледі. Ал, үшінші орынға ие болған спортшылар тиісінше 3 мың АҚШ долларына қол жеткізеді. Сондай-ақ олардың жеке бапкерлеріне берілетін мемлекеттік сыйақы мөлшері: І орын – 5 мың доллар; ІІ орын – 3 мың доллар; ІІІ орын – 2 мың долларын құрайды. Бұл тек мемлекеттік сыйақы. Бұған қоса конфедерацияның, әр федерацияның, аймақ басшыларының да өз алдарына бөлек сыйақы беретіндіктерін ескерте кетеміз.
Бүгін Азия ойындарының бесінші күнінде қазақстандық спортшылар төрт медальға ие болды. Академиялық ескек есуден сынға түскен қазақстандық спортшылар үш медальға ие болса, төртінші жүлдені Ришат Ливеншо салып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 4 алтын, 6 күміс, 12 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vesti.kz
Н. Айдархан