- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына...
Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына үш медаль түсті
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын 1 күміс 1 қола жүлде түсті.
Су добынан ерлер құрамасы ерледі. Финалда жапондықтарды 7:6 есебімен жеңді. 2010 жылы иеленген атақтарын қорғай білді. Ал әйелдер құрамасы болса, қола жүлдемен шектелді.
Бокстан жеңіл салмақта бақ сынайтын боксшы аруымыз Жайна Шекербекова финалда үндістандық боксшы Мэри Комға есе жіберді. Жайна жақсы-ақ жұдырықтасты. Бірақ, бес дүркін әлем чемпионы тәжірбиесінің арқасында басым түсті.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль үшін таласта Қытай қыздарынан басым түсті. Ойында 27:26 есебі тіркелді.
Грек рим күресінен Нұрмахан Тінәлиев жартылай финалда қырғыз Мұрат Романовты 5:1 есебімен ұтып, финалға шықты. Ол енді алтын медаль үшін кореялық Ким Йонг Минмен кездеседі.
Бүгін Азия ойындарының он екінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 16 алтын, 17 күміс, 26 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz
О. Сансызбай