Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының сегізінші күнінде еркін күрестен Расул Қалиев күміс жүлдені еншіледі. Ол финалда КХДР палуаны Хакджин Джонгтан жеңіліс тапты.
Бұл екі спортшы биыл Тахти Калиев кубогында да кездесіп, 6:12 есебімен КХДР спортшысы жеңген болатын. Расул таныс қарсыласына тағы да жол берді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық палуан жартылай финалда оңтүстік кореялық Джунсик Юноны 3:1 есебімен жеңген-ді.
Бүгін Азия ойындарының сегізінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 9 алтын, 10 күміс, 17 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Алтын медальға ие болғандар (9): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы (стендтік оқ ату), Дмитрий Баландин — үш (жүзу), ерлер құрамасы (теннис), Ольга Довгун (оқ ату), Алексей Луценко (велоспорт);
Күміс медальға ие болғандар (10): Алмас Өтешов, Зульфия Чиншанло, Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — екі (жүзу), Светлана Германович пен Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (у-шу), Расул Қалиев (еркін күрес);
Қола медальға ие болғандар (17): Александра мен Екатерина Немич, қыздар құрамасы (синхронды жүзу), Бақтияр Ыбраев, Андрей Могилевский, әйелдер құрамасы – бір, ерлер құрамасы – екі қола (барлығы – оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариян Ордабаева (барлығы — дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (барлығы — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы).
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vesti.kz