Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының жетінші күнінде әйелдер арасында 50 метрден үш орында тұрып нысана көздеуден қазақстандық Ольга Довгун алтын медальға ие болды.
Ольга Довгунаның көресткіші – 456,4 ұпай. Бұл сында күміс медаль кореялық Мира Джонгқа бұйырса, қол жүлдені қытайлық Йин Чан еншіледі.
Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасында командалық сында 50 метр қашықтықтан үш орында винтовкадан оқ ату жарысында қазақстандық қыздар қола жүлдеге қол жеткізді.
Спорттың бұл түрінен Ольга Довгун, Елизавета Лунина және Александра Малиновская сынды спортшыларымыз сынға түскен болатын.
Бүгін Азия ойындарының жетінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 7 алтын, 8 күміс, 17 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vesti.kz